АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 15 тамыз 2019 жылдың 1 тамызына ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза өмірден озды, деп хабарлайды.

Қыркүйек айында 86 жасқа толған қоғам қайраткері Тараз қаласында қайтыс болды. Елі «Шер-аға» деп білетін жазушының туған жері – Жамбыл облысының Жуалы ауданы. Алаштың абызы, қазақ журналистикасының қара нары, әдебиетке өлшеусіз үлес қосқан талантты жазушының «Қызыл жебе», «Мылтықсыз майдан», «41 жылғы келіншек», «Бір кем дүние», «Ай мен Айша» секілді тағы да басқа туындылары халық мұрасына айналды. Шерхан Мұртаза мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, тәуелсіздік алған жылдары Мәжіліс депутаты болып сайланып, жоғары мінберден өзекті тақырыптарды көтеріп, түйткілді мәселелерді шешуге де күш салды. Классик жазушы ретінде бір дәуірді тәрбиеледі. Шерхан Мұртаза – тума талант, кемел ойдың иесі. Шер-ағаның әрбір еңбегі талайды тамсандырған, әңгіме жазудың теңдессіз шебері, қоғамда шындықтың шырақшысы болған ерекше тұлға еді.

 

 

Scroll to top