ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 12 Қараша 2018
5 сұрақ -- "5 сұрақ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма ..." -- 09 Қараша 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Өзіне-өзі қызмет көрсету ..." -- 05 Қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі ..." -- 05 Қараша 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың ..." -- 05 Қараша 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "8 қарашада Астана қаласында мемлекет ..." -- 05 Қараша 2018
Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады? -- "Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, ..." -- 05 Қараша 2018
ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ -- "Шиелі өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт ..." -- 02 Қараша 2018
Шиелі ауданының әйелдері -- "Бүгін "Шиелі ауданының әйелдері" қоғамдық ..." -- 02 Қараша 2018

«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын жағатын өнер додасына төрелік ететін әділ-қазылар алқасының тізімі белгілі болды.

Олар жас өрендердің өнеріне баға беріп, жүзден жүйрік шыққанын ақтық сынға аттандырады. Бұл жолғы жобаның жөні бөлек. Сондықтан кәсіби мамандар бағалаумен қатар баптауды да ұмытқан жоқ. Себебі байрақты бәсекеде бақ сынайтын бүлдіршіндердің бетін қақпай, белін буу керек.

19 мемлекеттің майталмандары қатысатын бәйгеге Қазақстан алғаш рет өз үміткерін үкілеп қосады. Қатысушының жігерін жаныған намыс пен рух, байрақты бәсекеде жеңіске жетелейтіні сөзсіз. Сондықтан сыншылдық пен шыншылдықты тура айтатын қазылар алқасы әр қатысушының өнеріне аса зер салып қарайды. 

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Өтініштерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, осы музыка саласының білікті мамандарынан жасақталған қазылар алқасы тыңдау жасап, балалардың өтініштерін қарап, солардың ішінен финалға өтетін финалистерді анықтайды. Әділқазының ішінде елімізге танымал, белгілі, музыка саласында өзіндік орны бар, осы саланың білікті мамандары кірген.

Сонымен, төрелік ететін қазылар арасында мынадай танымал тұлғалар бар. Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, белгілі композитор Ринат Гайсин, музыкалық продюсер Бағым Мухитдинова, халықтың сүйікті әншілері Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, Димаш Құдайберген және Мадина Сәдуақасова.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

- Әділқазы ретінде айтарым, құрметті ата-аналар, 31 тамызға дейін өздеріңіздің өтініштеріңізді «Хабар» арнасының сайтына өткізе аласыздар. Қалып қоймаңыздар. Кім біледі, мүмкін сіздің балаңыз әлемдік сахнада ән шырқап жүрер.

Иә, ол да рас. Онда қайталап өтейік, қағаз бен қалам алып түртіп алыңыз. Өтініштерді 31 тамызға дейін «Хабар» арнасының сайтында беруге болады. Әннің ұзақтығы 2 минут 45 секундтан 3 минутқа дейін болуы керек. Қойылатын тағы бір талап – ән қатысушы елдің тілінде болуы шарт, яғни қазақ тілінде. Ал 40 пайызы ағылшын тілінде. Ал жас таланттардың тартысты додасын «Хабар» арнасынан көре аласыздар.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top