Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық. Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.

Бүгін Елбасы барша қазақ елін қасиетті мерекемен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

Айт намазына қатысу үшін халық таң атпастан мешітке ағылды. Астанадағы күннің суығы да құлшылық еткісі келген жамағатқа кедергі емес. Тіпті, мешіттің ішіне сыймай, сыртында тұрып дұға етті. Қасиетті Құрбан айтта Елбасы да Әзірет сұлтан мешітінде халықпен бірге құран бағыштап, тілек тіледі. Орайы келгенде барша қазақ елін ұлық мерекемен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрметті отандастарым, баршаларыңызды бүгінгі мұсылманның ұлық мерекесі Құрбан айт күнімен құттықтаймын. Менің жарлығыммен бұл күн Қазақстанға мейрам деп жарияланды. Жұмыстан елдер босатылып, осы жылдар ішінде халқымыз намаз оқып, Алладан тілек тіледі. Құрбан деген сөз – Аллаға ақ тілегімен жақындау деген сөз. Қолдан келетін азаматтар құрбан шалып, тілегін тілеп жатыр. Бұл – Алланың көрсеткені жолы, пайғамбардың ізі. Әрқайсысыңыз елдің тыныштығын , бала-шағаның аманшылығын, болашақты ойлап тілек тілеген шығарсыздар. Сол тілектің барлығы орындалсын.

Құрбандық шалған мұсылмандардың арасында тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беріп жатқандар да бар. Елімізде қайырымдылыққа жаны құмар азаматтар аз емес. Елін көркейтуге атсалысып, туған жеріне қамқор болып жүргендер баршылық. Осының бәрін ескерген Елбасы «Жасалған қайырымды істер сауаптан жазылсын!» деген тілегін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрбан айт деген қазақтың дәстүріне келетін дүние. Біріншіден, елдің болашағы, бірлігі. Екіншіден, иман, қанағат, қайырымдылық. Бұл күндері ағайын-туысқан бір-бірімен қауышып, кемтарларға көмектесіп, жақсылық істейді. Осы күні қазақтың азаматтары «Туған жер» бағдарламасымен өзінің ауылдарына жақсылап жасап, қаражатын салып, аурухана, мектеп, балабақша ашып жатыр. Қайырымдылық сауапты болады. Ең негізгі мәселе – еліміздің бейбітшілігі. Әрбір мұсылман бір-біріне бауыр екендігін ұмытпауы қажет.  жуырда елімізде дүниежүзілік діндер басшыларының 6-шы сьезі өтетінді. Ол да сол еліміздегі бірліктің арқасы.  

Иә, «бүлінген елде дау бөлек, ал бейбіт елде сән бөлек». Мұны Президентті қуана тосып тұрған халықтың жүзінен аңғаруға болады. Елбасы да жамағатпен жүздесіп, ақ жарма тілегін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бір адам бақытты болуы үшін ел бақытты болуы керек. Ел аман, жұрт тыныш болуы керек. Біз енді осы тәуелсіздік жылдарында қаншама нәрсе жасадық. Қазақстанда 2600 мешіт ашылды. Мұсылман діні қазақты біріктіретін, біздің салт-дәстүрімізге келетін дін болып саналады. Әрбір мұсылман бір-біріне бауыр, қандай ұлт болса да. Сондықтан мереке мен бірліктің діні деп санау керек. Тек қана құрбан шалумен тоқталмай, иманды болу, қанағатты болу керек. Бірлігімізді сақтап, бір-бірімізге деген сүйіспеншілікті сақтасақ, болашағымыз өте жақсы болады.

Мейрамдардың сұлтаны қасиетті Құрбан айт рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекемдей түсері сөзсіз. Еңдеше айтылған игі тілектер қабыл болсын деп қариялар батасын үйіп-төкті.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top