ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қызылорда ..." -- 15 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 12 Қараша 2018
5 сұрақ -- "5 сұрақ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма ..." -- 09 Қараша 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Өзіне-өзі қызмет көрсету ..." -- 05 Қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі ..." -- 05 Қараша 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың ..." -- 05 Қараша 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "8 қарашада Астана қаласында мемлекет ..." -- 05 Қараша 2018
Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады? -- "Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, ..." -- 05 Қараша 2018
ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ -- "Шиелі өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт ..." -- 02 Қараша 2018

Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстандық атлеттер ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысып, еліміздің көк туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Бұл – Әбілхан қатысып отырған алғашқы Азия ойындары.

Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне таеквондошылар, баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер мен боксшылар қатысты. Құрама команданың басым бөлігі ертеңгі жарыс күніне дайындалғандықтан, салтанатты шеруден тыс қалды, деп хабарлайды  Olympic.kz. 

Қазақстаннан Азия ойындарына жалпы есебі 440 спортшы аттанды. Оның ішінде 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.

Азия ойындары ел спортшылары үшін биылғы жылдың ең басты додасы болмақ. Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құрлық бәсекесіне алаңсыз жаттығуына бар жағдайды жасап, ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев атлеттердің дайындық барысын тікелей өз бақылауына алды. 

Азия ойындары 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді. 

 

Видео ақпараттар

Жиі қаралатын ақпараттар

Scroll to top