БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 23 мамыр күні сағат 15:00 мен 16:00 ..." -- 22 Мамыр 2019
«Бес сұрақ» айдары -- "Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. ..." -- 20 Мамыр 2019
Мүдделі тұлғаларға қатысты АҚПАРАТ -- "Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі Қызылорда ..." -- 17 Мамыр 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «13» мамыр -- "Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 15 Мамыр 2019

Қазақстан азаматтары паспорт пен жеке куәлікті бір күнде жеделдетілген тәртіпте ала алатын болды.

Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» заңға өзгертулер енгізілді. «Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жеделдетілген тәртіпте - бір күн ішінде, облыс орталықтарында үш жұмыс күніне дейін, ал аудандарда жеті жұмыс күніне дейін беріледі», – делінген құжатта.

Сондай-ақ құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін төлемді банк мекемелері арқылы немесе кассалық операциялармен айналысатын басқа ұйымдарда жасауға болатыны айтылады. Айта кетейік, қазіргі уақытта паспорт үшін мемлекеттік баж 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 19 240 теңге. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары құжатты жеделдетілген тәртіппен дайындаған кезде 4 983 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Осылайша, құжатты жедел түрде 24 223 теңгеге алуға болады. Оған қосымша банк комиссиясын төлеу керек.

 

Scroll to top