Мүдделі тұлғаларға қатысты АҚПАРАТ -- "Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі Қызылорда ..." -- 17 Мамыр 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «13» мамыр -- "Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 15 Мамыр 2019
ҰРПАҚҚА ҰРАН-ҰЛЫ ЖЕҢІС -- "Кеше Шиелі ауданында 9 мамыр — Жеңіс күніне орай ..." -- 14 Мамыр 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  2019 жылдың 13-26 мамыр (қоса алғанда) ..." -- 13 Мамыр 2019
БИДАЙКӨЛ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ -- "7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан ..." -- 08 Мамыр 2019
БИЗНЕСКЕ БЕТ БҰРҒАН БИДАЙКӨЛДЕ БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР БАР -- "7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан ..." -- 08 Мамыр 2019
Ақпараттық хабарлама! -- "Ақпараттық хабарлама! Қызылорда облысы, Шиелі ..." -- 06 Мамыр 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ ..." -- 04 Мамыр 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "  ..." -- 04 Мамыр 2019
ӨЗІҢІЗДІ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ТЕКСЕРІҢІЗ -- "ӨЗІҢІЗДІ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ТЕКСЕРІҢІЗ  ..." -- 03 Мамыр 2019

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.  

Кеңес барысында елдегі шағын несие беру нарығының алдағы дамуы, жеңілдікпен шағын несие берудің инфрақұрылымын құру, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын несие беруге жағдай жасау мәселелері талқыланып, осы жылдың алты айы ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша қол жеткізілген нәтижелер талқыланды.  Кеңесте ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев баяндама жасады. 

Еске сала кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, шағын бизнесті ашуға, шағын кәсіпорындарды және зәкірлі кооперацияларды құруға, сондай-ақ, әрекеттегі бизнесті дамыту үшін сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыз көлемінде 7 жылға дейін несие беріледі. 

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 22 мың шағын бизнес өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық қолдау тауып, бюджетке түсетін салықтық аударымдар көлемі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top