Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және учаскелік сайлау ... -- "Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және ..." -- 21 Қаңтар 2019
«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары -- "«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары Біз «БЖЗҚ ..." -- 18 Қаңтар 2019
Хабарландыру -- "Хабарландыру   «Шиелі аудандық ауыл ..." -- 18 Қаңтар 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 15 Қаңтар 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары -- "Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары ..." -- 15 Қаңтар 2019
Қарағандыдадағы кісі өлімі: Қашып кеткен армян азаматы Ресейде ұсталды -- "Бүгін Қазақстанның ІІМ криминалдық полиция ..." -- 09 Қаңтар 2019
Назарбаев жаңа сыртқы істер министріне тапсырма берді -- "Кездесу барысында президентке еліміздің сыртқы ..." -- 09 Қаңтар 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «25» желтоқсан ..." -- 26 Желтоқсан 2018
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ... -- "Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит ..." -- 21 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сұрақтар бойынша «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық ..." -- 20 Желтоқсан 2018

Жамбыл облысында «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының рельстен шығып кетуіне машинистің жолдың қисайған жерін байқап, шұғыл тежегішті басуы себеп болған.

Көлік комитеті пойыз апатының алдын ала себебін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін түсте «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, салдарынан 2006 жылы туған жасөспірім қаза тапты. Тағы оннан астам адам жарақат алды.

Бір сәтте барлық әлеуметтік желіні шулатқан қайғылы оқиға түскі сағат 1 жарым шамасында болды. Нөмірі 10 жолаушылар пойызы Астанадан Алматыға бағыт алған еді. Алайда Сарышаған-Шу аймағына жақындағанда, 8 вагон рельстен шығып, оның екеуі аударылып кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, күтпеген жағдайға тап болған жолаушылар бастапқыда қатты абдырағанымен, дереу естерін жиып, бір-біріне барынша қолдау көрсеткен. Осы пойыздағы жас әскери қызметкерлер де, іште қалып қойғандарды дереу сыртқа шығарып, азаматтық танытыпты.

БЛИЦ:

– Өзіміз де білмейміз не жағдай болғанын. Әңгіме айтып отырғанбыз. Кенеттен қатты дауыстар естілді. Вагон бірден аударылды. Не болғанын түсінбей қалдық.

Аударылған көлікте лагерьге бара жатқан бір топ бала да болыпты. Ал дабыл түскен сәтте Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен. Алайда 12 жастағы жасөспірімді ешкім ажалдан арашалап қала алмады. Тағы 14 адам түрлі жарақат алды. Зардап шеккендерді Шу қаласындағы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен екі бірдей аурухана қабылдап жатыр.

Қазір оқиға орнында Бас көлік прокуратурасының қызметкерлері, көліктегі ішкі істер және жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеуде. Шу стансасының желілік ішкі істер бөлімінде теміржол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал Қазақстан темір жолы компаниясы рельстен шығып кеткен пойыздың Крюков және Тверь вагонқұрастыру зауытында 2012-2014 жылдары жиналғанын мәлімдеді. Сондай-ақ аталған вагон барлық техникалық сараптамадан өткен және талапқа сай болған. Ал шойын жол айына екі рет тексеріледі. Соңғы мәрте оны тиісті мамандар 6 маусым күні қарап, кәнарат таппаған.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top