АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы артып келеді.

Өткен жылы көршімізге экспортталған тауар көлемі 36,6 пайызға өсіп, 5,77 миллард долларға жетті. Екіжақты тауар айналымы 11 миллиард АҚШ долларына жуықтады. Бұл көрсеткішті 2020 жылға қарай 40 миллардқа жеткізу көзделіп отыр. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қытайдың даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Хэ Лифэнмен кездесуінде осылай деді. Бүгінде Қазақстан – посткеңістікте Қытайдың Ресейден кейінгі екінші экономикалық серіктесі. Мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі достық әріптестігінің нәтижесінде өзара қарым-қатынас жылдан жылға нығайып келеді. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазір қазақ елі іргедегі көршісіне 20 түрлі тауар шығарады. Келешекте оның санын көбейтіп, Қытайдың алып нарығына дайын өнімдер саудалауға ниеттіміз. Бірлескен инвестициялық жобалар да біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. «Биыл жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларына жуықтайтын 6 жоба іске қосылады», – дейді министр. Ал даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитет Төрағасы Хэ Лифэнмен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығында Қазақстан мен Қытай өзара тиімді әрі табысты әріптестікке қол жеткізгенін атап өтті. Қарым-қатынасты бекембей түсетін бірсыпыра құжатқа келесі аптада болатын Елбасының мемлекеттік сапары кезінде қол қойылмақ.

Хэ Лифэн, Қытай даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы:

– Назарбаев Университетінде Төраға Си Цзиньпиннің Ұлы Жібек жолын жаңғырту туралы айтқанына да міне бес жыл толды. Осы уақыт аралығында екі елдің ынтымақтастығы барлық салада экономика, логистика, инфрақұрылым және мәдени жағынан тереңдей түсті. Біздің халқымыздың Қазақстан туралы түсінігі артты.

Scroll to top