Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар ..." -- 18 Ақпан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ..." -- 14 Ақпан 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық ..." -- 14 Ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 22 ақпан күні, сағат 11:00 мен 12:30 ..." -- 14 Ақпан 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей ..." -- 11 Ақпан 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде ..." -- 08 Ақпан 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан ..." -- 05 Ақпан 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан ..." -- 05 Ақпан 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Көктал-1 ..." -- 04 Ақпан 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ..." -- 04 Ақпан 2019

Астана әкімі қаланы аралау барысында Сарайшық көшесінің құрылыс қарқынын тексеріп шықты.

Көшенің ұзындығы 3 км, ал жол төсемі 8 жолақты болмақ.

Сарайшық көшесінің құрылысы Ш. Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейін әрі қарай Сығанақ көшесі мен Қорғалжын тасжолы бағытына параллель жатқан шағын айналмалы жолдағы ішкі магистралдің көлік ағынының жүктемесін жеңілдетуге бағытталып отыр. Бірінші кезекте бұл Тұран даңғылындағы жүктемені 50% дейін жеңілдетеді. Әсет Исекешев жолды осы жылдың 1 шілдесіне дейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Әкім сондай-ақ Жангелдин көшесінің Бейсекова мен Күмісбековке дейінгі құрылыс участогын тексеріп көрді. Сол жерде транспорт және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мердігер ұйымның келісімшарттағы міндетін атқармағандықтан, құрылыс жұмыстарының созылып кеткендігін айтты. 

Объектіні қарап шыққан Әсет Исекешев келісімшартты бұзып, мердігер ұйымды сотқа беруді тапсырды.

«Біз үнемі Астананың өмір сүруге ыңғайлы қала болуын айтып келе жатырмыз. Тұрғындарға қолайлы ортаны жасау жол салушылардың жұмысына да байланысты. Осымен екінші жыл қатарынан жұмысты аяқтай алмай келе жатырсыздар. Ал бұл ауданда 15000 адам тұрады! Кім орындап шыға алмайды, Астанада жұмыс істемей-ақ қойсын. Мұндай мердігерлермен келісімшартты бұзу керек. Шара қолдануды тапсырамын!», – деп мәлімдеді әкім. 

Қаланы аралауда әкімге ҚМРБ (Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасы), Корея Республикасы, Малайзия, ҚХР елшілігінің ғимараттары орналасқан Қарасаз, Обаған, Арғанаты көшелерінің құрылыс мерзімі де кідіріп жатқаны айтылды. Мердігердің айтуынша, жұмыстың кешіктірілу себебі жобаның техникалық шартына өзгеріс енгізуімен байланысты көрінеді.

Астана әкімі мұндай мәселелер мен ауа райының күрт өзгерістері көшені пайдалануға берудің кестесін кешіктіруге себеп еместігін қадап айтты. Әсет Исекешев аталмыш көшедегі құрылыс бірінші қыркүйекке дейін бітуі тиістігін, олай болмаған жағдайда өз міндетін атқармаған компаниямен келісімшартты бұзатынын ескертті.

Сонымен қатар жыл соңына дейін Беларусь пен Өзбекстан Республикалары елшілігі маңайындағы көшелерден өтетін жолды аяқтауды тапсырды. 

Әрі қарай Астана әкімі Мәңгілік ел даңғылын аралады. Достық пен Қонаев көшелерінің арасындағы участокты көріп шығып, әрмен қарай оны кеңейтіп, абаттандыру керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы Астанада қашықтығы 20,8 км 22 жаңа көше салынады және қашықтығы 61,15 км 91 көше жөндеуден өтеді. Сондай-ақ Өндіріс, Юго-Восток, Ильинка тұрғын алаптарында да көшеге қатысты күрделі жөндеу жұмыстары күтіп тұр.

Видео ақпараттар

Жиі қаралатын ақпараттар

Scroll to top