ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Құрметті, Шиелі ауданының тұрғындары! ..." -- 21 Қараша 2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады -- "2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-де ..." -- 21 Қараша 2019
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады -- "«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 ..." -- 21 Қараша 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін таяу және алыс шетелдерден келген әртүрлі этностың 587 өкілі біздің еліміздің азаматтарына айналады.

– Қазақстан азаматы болуды қалайтындар саны жылдан жылға артып келеді. Аталған жайт Қазақстандағы азаматтық институттың халықаралық беделі артқандығын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің дамығандығын айғақтайды.

Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған, ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан-2050» стратегиясының жүйелі жүзеге асырылуының арқасында мүмкін болды.

Біз жаңа қазақстандықтарға бақытты өмір тілейміз және енді олардың өз Отаны болып саналатын еліміздің игілігі жолында тиімді еңбек етулеріне ниеттестік білдіреміз. Еліміздің лайықты азаматтары болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуына олардың да өз үлесін қосатынына сенімдімін, – деді Мемлекеттік хатшы. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

Scroll to top