ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді -- "БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының ..." -- 03 Шілде 2019
БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019

Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл. 1998 жылы негізі қаланған білім ордасының мерейтойына орай бүгін елордада концерт ұйымдастырылады.

Қазақ ұлттық өнер университеті елордамызбен түйдей құрдас. Бұл оқу орны Астана Алатау бөктерінен Арқа төсіне көшірілген кезде, яғни 1998 жылы құрылды. Бұған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық етті. Сондықтан бүгін мерейтойлық концертке Елбасының өзі қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетейін, университет алғашында Қазақ ұлттық музыка академиясының негізінде құрылған болатын. Сөйтіп жоғары оқу орнының алдына маңызды міндеттер қойылды. Ең маңыздысы, Астана мен солтүстік аймақтардың музыкалық инфрақұрылымын кәсіби мамандармен қамтамасыз ету болды. Бұл міндет бүгінде жан-жақты жүзеге асып отыр. Қазір оқу орнының мектеп-колледж кешенінде 5 бағдарлама, бакалавриатта 19 бағдарлама және магистратурада 15 бағдарлама бойынша мамандар әзiрленеді. Мәселен, соңғы жылдары мәдениеттану, өнертану, хореография, кескiндеме, мүсiн, режиссура, операторлық өнер, сценография, кiтапхана iсі сынды мамандықтар қосылды.

Өткен 20 жыл оқу орны үшін өсіп-өркендеу кезеңі болды. Осы уақыт аралығында өзіндік орнын қалыптастырып, талай шәкірттің талантын қомдап, шеберлігін шыңдауға үлес қосты. Олар да әлемдік деңгейдегі өнер бәйгелерінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, 500 халықаралық және 400 республикалық байқаудың лауреаты атанды. Бүгінде Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері халықаралық сахнаға танылып үлгерді. Солардың бірі – Рахат-би Әбдісағин. Бүгін ол Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін мерейтойлық концертте өнер көрсетеді. Сондай-ақ бағдарлама бойынша Кеңес Дүйсекеевтің «Өнер ордасы» атты шығармасы, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің «Қыз Жібек» және «Бұлбұл» операларынан үзінді орындалады. Бұдан бөлек бірқатар мюзиклдер көрермен назарына ұсынылады. Концертке Парламент депутаттары мен еліміздің шығармашылық және ғылыми орта өкілдері қатысады.

Scroll to top