ШИЕЛІДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ... -- "18 мамыр күні ауданы әкімі Ә.Оразбекұлының ..." -- 21 Мамыр 2018
Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім грамоталарын тапсырды -- "17 мамырда Қазақстанның Ирландиядағы елшісі ..." -- 18 Мамыр 2018
Елбасы Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арналған ... -- "Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі ..." -- 18 Мамыр 2018
Мемлекет басшысы «Hotel Properties Limited» компаниясының негізін ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сингапурлық ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Елбасы Батыс Қазақстан облысының ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Жиында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің 2017 жылдың ..." -- 15 Мамыр 2018
16 мамыр күні еліміздегі ауа райы қандай болады? -- "16 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне ..." -- 15 Мамыр 2018
ШИЕЛІДЕ БАТЫР БАБА ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ -- "13 мамыр күні батыр - баба Тұрсынбай ..." -- 15 Мамыр 2018
Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ... -- Зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені ..." -- 03 Мамыр 2018
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым ..." -- 02 Мамыр 2018

Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты облыс әкімі Алтай Көлгіновтің есебін тыңдап, нақты міндеттер жүктеді.

Өңір үшін өзекті мәселенің бірі жолдың жайы. 12 ауданның үшеуіне қатқыл табанды жол мүлдем жоқ. Әсіресе көктем мен күзде шалғай ауылдардың халқы жол азабын тартып келеді. Биыл Казталов ауданына дейінгі жолдың қалған 30 шақырымына асфальт төсеу көзделген. Одан арғы Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарының ара қашықтығы 300 шақырым. Президент осы аралыққа жол құрылысын жеделдетуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сендер қараңдар мен үкіметке тапсырма бердім. Қаражат шығарып, биылғы жылы қанша салу керек? Ол үлкен жол емес ғой, даңғыл анадай 5-6 жолақ болатын. Кәдімгі аудан арасында жеңіл машина жүретін жақсы жол болу керек. Әсіресе ана Бөкей Ордасы ауданына туристерді апарамыз деп отырмыз. Қалай апарамыз? Ол Ресейге бізден жақын. Сондықтан осы мәселені қолға алып шешеміз бірге. 

Кеңес барысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облысқа сапарын қорытындылай келе өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Мемлекеттік бағдарламалардың жемісті жүзеге асып, тұрғындардың әл-ауқаты артып келе жатқанын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Екі жылдан бері жол түспеді Оралға қарай. Бүгін Ресейден келе жатқанда әдейі тоқтап, облыс жағдайымен таныстым. Өндірісті араладым біраз, бесеуін көрдік. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін зауыт, құрылыс материалдары, жиһаздар жасайтын зауыттарды көріп, елмен сөйлестім. Жастардың сарайында болдық. Жаңа салып жатқан алаңда болдық. Жалпы бір қарағанда айтатын мәселе облыста өте жақсы жылжу, өнім бар.

Видео ақпараттар

Scroll to top