ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктің қызметі туралы есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанда қол жеткізілген экономикалық даму нәтижелері және экономикамызға жалпы әлемдік үдерістердің тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.

Scroll to top