ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді -- "БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының ..." -- 03 Шілде 2019
БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019

Келер жылы еліміз бойынша 13 мың 500 мұғалім оқушыларға ағылшын тілінде білім береді. Бұл туралы бүгін Ақордада президентке ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым саласын дамыту бағдарламасын бағамдады. «Бұл ауқымды жоспар елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға игі ықпал етеді», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Айтып жатқан барлық бағдарламалардың ішінде төртінші технологиялық революция дейміз, жаңғыру, цифрландыру, барлық ғылым, техниканың ең басында білім мен білім беру ісі жатыр. Жастарды қалай тәрбиелейміз, қандай мамандар шығады, соған барлығы байланысты. Оның ішінде көп тапсырмалар болды. Білім беру ісінде жаңғыру жүріп жатыр. Жалақысын көбейтіп жатырмыз мұғалімдердің. Жоғарғы білім беру саласында қанша мәселелер бар. Оңай емес барлығы. Сондықтан білім министрлігінің еліміздің өркендеуіндегі алатын орны жекеше болады. Сенің мойныңда өте көп жүк бар. Өте көп міндет бар. Өте көп үміт бар. Мен жұмыс істеп жатқаныңды білемін. Көп нәрсені өзгертіп жатырсың. Дұрыс жолда келе жатырсың. Ал енді 2016-2019 жылға арналған бағдарлама. Вот ход выполнения этой программы. Она очень важна. Во всех наших программах экономического, технического, современного развития лежит подготовка детей со школьной скамьи, ВУЗы, колледжи, каких специалистов мы подготовим, так и двигаться будет наша страна и экономика.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– 2016 жылы 2000 мұғалім ағылшын тіліне оқытылды. Былтыр мұндай оқу курсынан 11 мың 500-і өтті. Биыл барлығы дайын болады. Яғни 2019 жылы 13 мың 500 мұғалім ағылшын тілінде сабақ беруге кіріседі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Пәндерді ағылшын тіліне көшіру жоғары сыныптарда да болады ғой. 10-11-сыныпта. Оған дейін жалпы оқу болады. Бағдарламамыз жалпы осы. Себебі біз ағылшын тіліне балаларды оқытпай, ертеңгі күні маман даярлай алмаймыз. Бүгінгі күні медицинада ағылшын тілін білмейтін мамандар қалай оқиды? Қалай олар игереді техниканы, технологияны? Сондықтан бұл – заманның талабы, ата-аналар да оны түсінуі керек. Балалар да қатардан қалып қалмасын десе, осыған қарай жүруіміз керек. Бірақ қазақтың тілін ұмытпаймыз, әрине.

Сондай-ақ Елбасы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту ісіне тоқталып, 12 жылдық білім беру жайын саралады.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Қазір бізде 3640 балабақша бар. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 4 мыңға жеткіземіз. Сөйтіп кезек мәселесін түбегейлі шешеміз. Ал мектептерде жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы жүзеге асып келеді. Ол үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі қолданылады. Жыл сайын 75 мың мұғалімді қайта оқытамыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жаңартылған білім мазмұны дегенді ел түсіну үшін айтайын, бірінші ол – 12 жылдық мектепке көшу. Екіншіден, әліпбиді 0 кластан бастап оқытып, 20 жылға қарай дайындау.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Енді ол бізде жалпы дайын. Биыл ол апробациядан өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мына мектептердің 85 пайызы 5 күндік оқуға көшеді. Сонда мына бағдарлама оны қамти алады ма?

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Болады. Бізде лицейлер бар, гимназиялар бар. Қазір олардың сағаттарын өзгерту керек. Қазір 18 сағат оқып жатыр ғой. 16 сағатқа шықсақ, ол мектептердің 95 пайызы.

Scroll to top