5 сауал -- "5 сауал   Зейнетақы активтерін кім ..." -- 16 Шілде 2018
Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 16 Шілде 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне ... -- "Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік ..." -- 16 Шілде 2018
Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады -- "Бурабайдың баурайында «Біржан-Сара» операсы ..." -- 16 Шілде 2018
Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы -- "Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы ..." -- 16 Шілде 2018
ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ -- "ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ Астана күнін ..." -- 08 Шілде 2018
Елбасы Ұлттық ғарыш орталығына барды -- "Мемлекет басшысы Астананың 20 жылдығы қарсаңында ..." -- 02 Шілде 2018
Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда -- "Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда Қордың басты ..." -- 27 Маусым 2018
ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ -- "ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ ..." -- 25 Маусым 2018
Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт ..." -- 21 Маусым 2018

Астана процесі өзінің бастапқыда көздеген мақсатына жетті. Женева келіссөздерін жеделдетіп, аймақта қантөгісті тоқтатуға ықпал етті. Бүгін Елбасымен кездескен Ресей, Түркия және Иранның сыртқы істер министрлері осындай ортақ үнқатысу алаңын ұсынғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді. Бұл ретте Мемлекет басшысы 400 мыңнан астам адам қаза тапқан Сирия дағдарысы әлі де өзекті екенін айта келе, Қазақстанның аймақтағы жағдайды реттеу үшін қолдан келген көмегін аямайтынын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Уважаемые министры, приехали вы в Астану, поэтому с удовольствием я вас принимаю. Сирийский кризис остается актуальным для нас и региона в целом. Ужасно, конечно, по моим данным 400 тысяч человек погибли, в том числе женщин, детей, стариков. И он вызвал общую неблагоприятную обстановку во всем регионе и у нас. Поэтому этот масштабный конфликт и мы очень плотно работаем. Мы видим, непростая у вас работа: одни поддерживают, другие нет. Но все равно, Астанинский процесс свое дело сделал. По просьбе моих коллег, руководителей ваших стран, мы предоставили площадку для работы. Прошли все раунды переговоров. Они привели к остановке войны, кровопролития. Надо сказать, что Астанинский процесс активизировал Женевский процесс из-за нашей работы. Год прошел с начала Астанинского процесса, картина сейчас другая. Возникают новые процессы, вы все знаете. Вы как страны-гаранты сделали большое дело и вы, как министры, вокруг этого дела работали. Сейчас в Восточной Гуте идут события большие, мы наблюдаем за этим. Казахстан поддержал резолюцию Совбеза по установлению перемирия. Все наши страны поддержали и хочу знать, как дальше мы будем работать. Казахстан готов помогать всем, чем может.

Сириядағы бейбіт бітімге кепіл мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Астана процесі басталған кезде күмәнмен қарағандар көп болғанын жасырмады. Бірақ бүгінде келіссөздер өз жемісін беріп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда қазір Сириядағы ахуал біршама жақсарды. «Қауіпті аймақтан бейбіт тұрғындар біртіндеп шығарылып жатыр. Демек Астана процесі саяси ахуалды реттеуде өз тиімділігін көрсетті. Әрі Қазақстанның ақылдаса отырып, ортақ шешім қабылдау туралы ұстанымы, бір-біріне қарсы тараптарды жақындастыруға ықпал етті», – дейді сыртқы саясат ведомстволарының басшылары.

Сергей Лавров, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Астана процесінің жұмысына осындай көңіл бөлгеніңіз үшін сізге шексіз алғыс жеткізгіміз келеді. Сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысын баяндауға рұқсат етіңіз. Қауіпсіздік кеңесі тағы бір резолюция қабылдап, Сирияда жаппай оқ атуды тоқтату шарасын тезірек күшіне енгізу жөнінде келісімге келді. Өкінішке қарай, террористер мен экстремистік топтар жағдайды ушықтырып отыр. Олар бейбіт халықты тірі қалқан ретінде пайдаланып келеді. Шығыс Гутадағы жағдайға келсек,соңғы екі күннің ішінде бұл аймақтан 20 мың тұрғын шығарылды. Біз қазір оларды уақытша тұрақтау аймағында ең қажетті заттармен қамтамасыз ету мәселесін БҰҰ-мен қарастырып жатырмыз. Шығыс Алеппода да осындай жағдай. Онда гуманитарлық дәліз арқылы 200 мың адам қауіпті аймақтан көшірілді. Бұл ретте осындай үнқатысу алаңын ұсынғаныңыз үшін, Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге кезекті рет алғыс айтамыз. Астана процесі Сириядағы жағдайды жан-жақты реттеу бойынша күш біріктіруімізге серпін берді.

Мевлют Чавушоглу, Түркия Республикасының сыртқы істер министрі:

– Құрметті Президент мырза, сізге Түркия президентінің сәлемдемесін жеткізуге рұқсат етіңіз. Біз сізге Астана процесін ұйымдастырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Содан бері 1 жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта біз елеулі өзгерістерге қол жеткіздік. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да өз жемісін береді деген сенімдеміз. Бүгінгі кездесу Астана процесін алға қарай жылжыту ісін ынталандыра түседі.

Мохаммад Джавад Зариф, Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі:

– Президент мырза, сізге Иран Ислам Республикасының президенті Рухани мырзаның сәлемдемесін жеткізгім келеді. Аймақтағы мәселелерді шешудегі көшбасшылығыңыз үшін алғыс айтамын. Былтыр біз сіздің басшылығыңызбен Астана процесін бастаған кезде күмән келтіргендер көп болды. Бірақ біздің алғашқы министрлер деңгейіндегі кездесулеріміз өткен 14 айдан кейін атқарылған істерге көз жүгіртіп, қандай жетістіктерге жеткенімізді сараладық. Қол жеткізген жетістігіміз баршылық. Бастысы, Сирияда зорлық-зомбылық азайды. Бейбіт тұрғындарға қол ұшын бердік. Сіз бізге осыған мүмкіндік беріп, келіссөздер алаңын ұсындыңыз. Біз ары қарай да осындай кездесулерді өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, мамыр айында аймақтағы жағдай одан сайын жақсара түсуіне атсалысамыз.

Видео ақпараттар

Scroll to top