ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Құрметті, Шиелі ауданының тұрғындары! ..." -- 21 Қараша 2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады -- "2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-де ..." -- 21 Қараша 2019
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады -- "«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 ..." -- 21 Қараша 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы шиеленісті  реттеу бойынша отырыс өтті. Кеңеске мүше елдердің өкілдері осы жанжалды тек келіссөздер жолымен шешуге болатынын мәлімдеді.

Дағдарыстың бейбіт шешімін табуға шақырған олар Астана процесінңң кепілі болған мемлекеттер министрлері кездесуінің өткізілуін құптады. Сондай-ақ Сириядағы қоршауда қалған аудандарға дереу гуманитарлық көмек жеткізуге жағдай жасау - уақыт күттірмейтін іс болып отыр. Қазақстан делегациясы Қауіпсіздік Кеңесін Астанадағы өткен кездесу нәтижелерімен және  Иран, Ресей және Түркия сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесімен таныстырды. Біздің ел шиеленісті әскери жолмен шешуге қайта қарсы шықты. БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя осы істе көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдірді. Ол Астана Ирак пен Леванттағы лаңкестік топты жоюға жағдай жасағанын ерекше айтып кетті. АҚШ-тағы тілшіміз Майра Әбдірахманованың хабарлауынша, Қазақстан тарапы Астана процесіне арналған брифиниг өткізген. БҰҰ жанындағы еліміздің тұрақты өкілі Қайрат Омаров 4 сәуірде Ыстамбұлда үшжақты саммит және мамыр айында Астанада жоғарғы деңгейдегі кезекті халықаралық жиын өтетінін мәлімдеді.

Қайрат Омаров, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі: 

- Сирия жерінде қауіпсіз аймақтарды құру туралы 2017 жылдың 4 мамырында қабылданған Меморандумды орындау маңызды шаруа еді. Оның мақсаты - елдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту. Атысты доғару жөніндегі келісімнің үнемі бұзылып жүргеніне алаңдаған Қауіпсіздік Кеңесі Сирияның бүкіл аумағына тез арада гуманитарлық көмекті жеткізу үшін тараптарды өз міндеттемелерін орындауға шақырды.

Видео ақпараттар

Scroll to top