ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді -- "БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының ..." -- 03 Шілде 2019
БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымының көлемі 2 миллиард долларға жуықтады.

Бүгін Ақордада Корея Ұлттық ассамблеясының спикерін қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі арттыру қажеттігін айтты. Кореялық тауарлар қазақстандық логистикалық терминалы бар Ляньюньган порты арқылы елімізге әкелініп жатыр. Енді бұл мемлекетпен индустрияландыру, медицина және жаңа технологиялар саласында әріптестікті арттыру қажет. Бұған қоса, Президент екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын дамыту керектігіне де тоқталды. Ал Чон Се Гюн Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, ортақ мәселелерді талқылағанына алғысын білдірді. Сондай-ақ Астананың қарқынды дамып бара жатқанын айрықша атап өтіп, Қазақстанда өткен әлемдік шараларға жоғары баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– С вашей страной у Казахстана очень добрые отношения. Был у меня визит год тому назад. Мы многие совместные вопросы решили, развивается торговля. И то, что Корея сотрудничает с нашим регионом, соседями мы это поддерживаем. Ваш приезд очень важный для нас. У нас есть возможность подвести еще раз черту под нашим сотрудничеством с вами и укрепить отношения. Товарооборот между нашими странами - около двух миллиардов долларов, небольшой. Казахстан очень хочет сотрудничать в вашей страной в области новых и цифровых технологий, в сфере индустриализации, медицины и других направлениях. Товары с вашей страны стали приезжать к нам через порт Ляньюньган, где у нас есть свой терминал. Это для нас новые возможности.

Чон Се Гюн, Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері:

– Екіжақты байланысты талқылау мақсатында бізді қабылдағаныңыз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін. Астанаға алғаш рет осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2006 жылы келдім. Ол кезде мен Индустрия және сауда министрі едім. Осы уақыт аралығында қаланың қарқынды дамығанына куә болдым.

Сондай-ақ Ұлттық ассамблея спикері өткен ғасырдың 30 жылдары елімізге жер аударылған этникалық кәрістерге қолдау көрсеткен қазақ халқына алғысын жеткізіп, Кореяның «Қазақстан -2050» стратегиясы бойынша еліміздің серіктесі болуға дайын екенін айтты.

Чон Се Гюн, Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері:

– Корея делегациясына ізгі ілтипат білдіргені үшін ризамыз. Мен бүгін Нұрсұлтан Әбішұлына «Қазақстан-2050» стратегиясын қолдайтынымызды жеткіздім. Корея Қазақстанның экономика, бизнес, технология салалары бойынша серіктесі болуға дайын. Сондай-ақ өткен ғасырдың 30 жылдары жер аударылған этникалық корейлерге қолдау көрсеткендеріңіз үшін қазақ халқына шексіз алғыс білдіремін.

Scroll to top