Ақпараттық хабарлама! -- "  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі ..." -- 18 Сәуір 2018
Қызылорда облысы кәсіпкерлері назарына! -- "2018 жылдың 19 сәуірінде «Бизнестің жол картасы ..." -- 18 Сәуір 2018
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ -- "Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет ..." -- 18 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 328,12 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 17 Сәуір 2018
Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты бейбітшілік пен тұрақтылықты ... -- "Нью-Йоркте Ресей елінің бастамасымен Сириядағы ..." -- 17 Сәуір 2018
Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ..." -- 17 Сәуір 2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары -- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін ..." -- 17 Сәуір 2018
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ... -- "Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның ..." -- 10 Сәуір 2018
Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады -- "Келер жылы еліміз бойынша 13 мың 500 мұғалім ..." -- 10 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,66 -- "Қазақстан қор биржасының қорытынды сессиясында 1 ..." -- 06 Сәуір 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Дәурен Абаев Елбасыға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау аясында қойылған міндеттердің іске асырылуы жөнінде мәлімдеді.

Президент инновациялар мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған жұмыстарды жалғастыру керектігін айтты. Бұл үрдіске «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылардың әлеуетін пайдалану қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне кезең-кезеңмен көшу мәселесіне де тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау маңызды екенін айтты. Сондай-ақ қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды. Бұдан бөлек, Елбасы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және отандық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелеріне де назар аударды. Ал кездесу соңында министрге бірқатар тапсырма берді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Үкіметтің кеңейтілген отырысында, сіз Жолдауыңызда біздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тапсырма бергенсіз. Сол тапсырмаларды қазір министрлік орындап жатыр. Ең алдымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмысты жалғастырып жатырмыз. Осы бағдарламаның аясында 120 іс-шара біз басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп орындауымыз керек. Соның жиырмасы биыл орындалады. Мысалы сол отырыста халыққа пайдасын түсіндіру мәселесі төңірегінде ескерту айтып едіңіз. Бір ғана мысал келтіргім келіп отыр. Қазақ-британ университетіндегі Абзал Мырзаш деген 12 жастағы студент кириллицадан латын қарпіне қалай ауысу керек екенін компьютерлік бағдарлама жасап, 1 секундта 13 кітапты қазақ кириллицасынан қазақ латиницасына ауыстыру мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл мемлекеттің қыруар қаражатын үнемдейді, екінші жағынан латиница енді енгізіліп жатқан кезде кейбір зиялы қауым өкілдері қазақ тілді кітаптар аударылмай қала ма, ұмытылып қала ма деген алаңдаушылық білдіріп еді. Сол мәселе де шешімін табады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазақстанның 100 жаңа азаматын іріктеп алдық қой. Соның ішінде ең үздік ойлары барларын бір жерге жинап, жағдай жасап, лабораториясын беріп, жұмыс істеуіміз керек.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– ЕХРО ғимаратының аясында осы жылдың соңына дейін «Астана хаб» алаңын бітіреміз. Сол жерге осындай жастардың барлығын тартып, жағдай жасап, олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, Үкіметпен бірлеседі. Осындай жұмысты жасап жатырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Латын қарпіне көшу мәселесін біз шештік қой! Бұл – өте бір тарихи кезең. Осымен бірге жалпы қазақ тілінің дәрежесін көтеру үшін жұмыс істеуіміз керек. Мен Үкіметке де, Парламентке де айттым. Үкімет пен Парламент өзінің жұмысын тек мемлекеттік тілде жүргізуі қажет. Басқа азаматтарды ренжітіп, кем қалмауы үшін оларға аудару барлығында бар қазір. Латын қарпіне көшумен бірге азаматтарға қазақ тілін үйренудің жеңіл жолдарын қазір жолға қою керек. Ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл басымдығы күшейе береді деп айту керек. Қазірден бастап мемлекеттік тілде көшелердің атын, дүкендердің атын, мекемелердің атын ептеп-ептеп көшіре беру керек. Сонда қазақтың тілінің дәрежесі көтерілетін болады. Екінші, киберқылмысқа қарсы күрес министрліктің басқа органдардың алдында қойылған. Ол жұмысты істеу керек. Интернетте жұмыс істеу керек. Барлық елдерде интернетте жасалып жатқан жаман нәрселерді тыю жұмысын істеуіміз керек. Әсіресе жастарға кесірін тигізетін, ешқандай жауапкершілігі жоқ жағдайларды орнына келтіру керек. Бұл нәрсені ертеңге қалдыруға болмайды. Содан кейін жалпы ақпарат құралдарының деңгейін көтер. Басқалармен салыстырған кезде, басқалармен бәсекелес болған кезде біздің БАҚ жұмысы жөнге қойылу керек. Әсіресе қазіргі кезде өзіміздің Қазақстанның сапалы сериалдарын шығаратын кез келді. Патриоттық тұрғыда. Қазақтың тарихын көрсетсек, балаларға патриоттық сана болады. Сол жағын Мәдениет министрлігімен, Үкіметпен бірге тапсырма беремін. Осы мәселелерге көңіл аудару керек.

Видео ақпараттар

Scroll to top