Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар ..." -- 18 Ақпан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ..." -- 14 Ақпан 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық ..." -- 14 Ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 22 ақпан күні, сағат 11:00 мен 12:30 ..." -- 14 Ақпан 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей ..." -- 11 Ақпан 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде ..." -- 08 Ақпан 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан ..." -- 05 Ақпан 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан ..." -- 05 Ақпан 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Көктал-1 ..." -- 04 Ақпан 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ..." -- 04 Ақпан 2019

Дариға Назарбаева Сингапурдың жоғары басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы – Ли Куан Ю атындағы тәжірибе алмасу бағдарламасына Орталық Азиядан қатысып отырған тұңғыш саяси тұлға.

Осыдан 27 жыл бұрын құрылған бағдарлама аясында бірқатар елдің басшылары мен министрлері Сингапурдың даму тәжірибесін зерттеген болатын. Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева премьер-министр Ли Сянь Лунмен кездесті. Ол осы мемлекеттің негізін қалаушы Ли Куан Юдың үлкен ұлы екенін атап өткен жөн. Ядролық қаруды таратпау мәселесін талқылаған Дариға Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан ұсынған күн тәртібін қолдауға шақырды. Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына төрағалық етіп отыр, сондықтан да кездесуде ұйымның Еуразиялық экономикалық одақпен өзара әрекеттесуі талқыланды.

Үсен Сулеймен, Қазақстанның Сингапурдегі елшісі:

– Еуразиялық экономикалық одақ Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын ескеріп, тараптар KAPTICA форматын кеңейтіп, оны өңіраралық құрылымға, атап айтқанда, Еуразиялық-Тынық мұхиты сауда-индустриялық палатасына айналдыру қажет деген ортақ пікірге келді. Бұл  қазіргімен салыстырғанда аймақтағы кәсіпкерлердің өзара әрекеттесу деңгейінің жоғары болуына оң ықпал етеді.

Дариға Назарбаева Сингапур экономикасында жаңа технологияларды қалай қолданып жүргенімен танысты.

Дариға Назарбаева, ҚР парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

– Алматы әуежайын жиі тұман басады. Кейбір маусымда бұл көп қиындық тудыратыны белгілі. Әуежай үшін қолайлы жер іздеп жатырмыз.

Дариға Назарбаева инвестиция тарту жөніндегі келіссөзді ағылшынша жүргізсе, елімізге құрмет білдірген кейбір шетелдік инвесторлар өздерін қазақша таныстырды.

Азиядағы алпауыт инжиниринг компанияларының басшылары тың тәжірибелерін Қазақстанда қолдануды ұсынды.

Омар Шахзад, Meinhardt Group атқарушы директоры:

– 2017 жылдың соңында Қазақстанға барғанбыз. Біз елдеріңізде су құбырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесе аламыз. Бүгінгі таңда үлкен қалаларға су жеткізу барысында оның көп мөлшері жоғалады. Сингапур судың шығынын барынша азайтқан жүйені құруда жаһан жұртына үлгі болып отыр.

Сонымен қатар Дариға Назарбаева Парламент спикері, Сыртқы істер министрі, Сауда және индустрия министрі және Ли Куан Ю атындағы бағдарламаның төрағасымен де кездесті.

Билахари Каусикан, Сингапур СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі:

– Сингапур мен Қазақстан географиялық орналасу жағынан алыс болғанымен, біз – Азия мемлекеттеріміз. Қазақстан құрлықта, Сингапур теңіздегі өз тасымал мүмкіндіктерін пайдаланып, осы екі бағытты түйістіру арқылы екіжақты қатынасты қарқынды дамыта түсеміз деген сенімдеміз.

Дариға Назарбаева тақылеттес кездесулер Қазақстан мен Сингапур қарым-қатынасын нығайтып, елімізде Сингапурдың үздік тәжірибелері қолданылуына сеп болатынын айтты.

Видео ақпараттар

Scroll to top