Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт ..." -- 21 Маусым 2018
БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті -- " Қызылорда          ..." -- 20 Маусым 2018
Алматының Алмалы ауданында көп қабатты үй өртенді -- "Алматының Алмалы ауданында 5 қабатты үйдің шатыры ..." -- 18 Маусым 2018
Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды -- "Жамбыл облысында «Астана-Алматы» бағытындағы ..." -- 18 Маусым 2018
Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады -- "«Құрметті отандастар! Баршаңызды күллі әлем ..." -- 15 Маусым 2018
Альварестің промоутері: Головкинмен 15 қыркүйекте жекпе-жек ... -- "Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 ..." -- 15 Маусым 2018
2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттарының мамандықтар бойынша ... -- "2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша ..." -- 14 Маусым 2018
Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ... -- "Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол ..." -- 14 Маусым 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 335,67 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 13 Маусым 2018
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады? -- "Қазақстандықтар шілде айында 10 күн демалады. ..." -- 13 Маусым 2018

Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған ауқымды жұмыстар бүгін Ақордада талқыланды. Президент әкімшілігі басшысының қатысуымен өткен жиында латын қарпіне көшу, қасиетті орындар мен қазақ тіліне аударылатын әлемдік деңгейдегі 100 жаңа оқулыққа қатысты мазмұнды баяндамалар жасалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – өткенді екшеп, болашаққа бағдар беретін ауқымды жоспар. Былтыр осы мақсатта Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер арқылы қазақ тілінің латын қарпіне негізделген әліпбиімен бірге бес бірдей кешенді жоба әзірленді. Бүгін олардың жүзеге асырылу барысына қатысты Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков кеңес өткізді.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы:

– Қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қажетті ұйымдастыру сұрақтары толығымен шешілді. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша нақты нәтижелер бар. Қазір жобалар қарқынды іске асырылып жатыр. Ең бастысы олар халықтың зор қолдауына ие болып отыр. Бүгінгі отырыста осы жасалған жұмыстарын қорытындысын шығарып, алдағы жоспарымызды қараймыз.

Былтыр атқарылған жұмыстарға кеңірек тоқталсақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-маңызын айшықтайтын жиындар Қазақстанда ғана емес, шетелде де ұйымдастырылды. Франция астанасында өткен отырыста ұлттық мәдениетіміз кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар АҚШ пен Италияда қазақстандық кинотуындылар көпшілік назарына ұсынылды. Оның сыртында республикалық және өңірлік музей қорлары цифрландырылды. Ал «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы аясында өркениетті елдерді өрге шығарған әлемдік деңгейдегі 17 оқулық мемлекеттік тілге аударылды. Олар коммерциялық, әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық бағытта өскелең ұрпақтың өресін кеңейтуге сеп болмақ.

Зарема Шәукенова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

– Қазір 20-ға тарта оқулық таңдалып алынды. Оларды іріктеу біршама уақытты қамтыды. Оқу орындары мен ұстаздар қауымы өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының түлектері әлемдік деңгейдегі туындыларды таңдауға атсалысты. Саясат, әлеуметтану, тарих және дінтану салаларындағы үздік еңбектер назардан тыс қалған жоқ.

Кең байтақ қазақ жерінде тарихи-танымдық мекендер жетіп артылады. Олардың тізімін нақтылап, жаңғыртып, ескіргенін жаңарту жобасы аясында 200-ге жуық республикалық және 500-ге тарта өңірлік қасиетті орын белгіленді. Өңір-өңірде тарих парақтарын түгендеуге түрткі болатын киелі жерлер әлі де табылып жатыр.

Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі:

– Жалпы республика бойынша 185 нақты нысаннан тұратын 100 қасиетті кешендердің тізімі және 456 өңірлік қасиетті орындар тізімі нақтыланған. Бірақ бұл жұмыс одан ары жалғасады. Оны сараптау, талдау жұмыстары. Әлі сарапаталады. Әлі ұмытылған жерлер шығып жатыр. Ғылыми зерттеулердің арқасында шығып жатыр.

Тарих маржандарын түгендеуге дүйім ел тарапынан да қызығушылық басым. Әсіресе кәсіпкерлер бұл іске білек сыбана кіріскен. Өткен жылдың өзінде демеушілер бөлген қаражатқа 735 нысан қайта қалпына келтірілді. Тарихтың тағлымды дүниелерін дәріптеу үшін шетелдік саяхатшыларға арналған визалық орталықтар да ашылды.

Бүркітбай Аяған, Мемлекеттік тарих институтының директоры:

– «Туған жер» бағдарламасы қаншама жаңа ескерткішер ашылып, оларды жаңарту, қалыпқа келтіру, екіншіден, оларға туристік маршруттар ашылмақшы. Бұл да өте маңызды. Бүгін, мысалы, шетелдік министрлікке визасыз әкелуге. Бұл жерде қазақстандықтар емес, шетел азаматтары келіп танысу керек.

Қоғамдық салт-сананы жаңғырту үшін жоғары оқу орындары да кешенді жоспар түзген. Мәселен, Еуразия ұлттық университетінде ұлттық ойындардың виртуалды үлгісі әзірленді.

Ерлан Сыдықов, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

 Қазір айфондарды ашсаңыздар, тоғызқұмалақ еніп отыр. Қазір әлемнің кез келген нкүтесінде ойнай алады. Таяу арада асық ату енейін деп отыр. Одан кейін құсбегі, қансонар ойын ретінде шығады. Өте қызықты ойындар. Жоспарымызда осыларды енгізу тұр. Бұл рухани құндылықтарымызды шетелге танытудың бірден-бір жолы деп ойлаймыз.

Былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы да жүйелі жүзеге асты. Бейбіт күннің батырлары һәм бүгінгі заманның озық ойлы озаттарымен Мемлекет басшысы жүздесіп, ықылас танытты. Ал «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында тәуелсіздік жылдарында жарық көрген мәдени туындылар жинақталып, жүйелендірілді. Отандық театр, музей және музыкалық ұжымдардың қатысуымен 20 шақты шетелдік гастрольдер, көрмелер ұйымдастырылды. Студенттер мен магистранттардың бағдарлама бойынша 1000-нан аса дипломдық жұмысы мен диссертациялары дайындалды.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы:

– 2017 жылғы нәтижелерге сай қай жұмысты, қай бағытта күшейту керектігі белгілі болды. Бұл бағдарлама Мемлекет басшысының тікелей назарында. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру ісінің сапасына баса көңіл бөлу керек. Бұл ретте жобалықкеңсенің үйлестіру және аймақтармен жұмысына ерекше назар аударылуы қажет. Сапаны жақсарту үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануға болады.

Кеңес барысында Әділбек Жақсыбеков аймақ басшыларына да селекторлық режимде тапсырма беріп, бағдарлама аясындағы кейбір мәселерге тоқталды.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы

– «Қасиетті орындар географиясы» жобасы арқылы ішкі және сыртқы туризм қаншалықты дамиды. Осы мәселеге айрықша мән беру керек. Бұған қоса біз визалық қолдау мәселесін реттеуіміз керек.

Кеңес соңындағы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні біреу – «Рухани жаңғыру» аясында жұмыстарды одан ары жалғастырып, тиімді нәтижесін паш ету. Мәселен, қасиетті жерлер тізімін нақтылап қана қоймай, барлық нысандарды тиісті ифрақұрылыммен қамту қажет.

Видео ақпараттар

Scroll to top