Б.Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін ... -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 23 Ақпан 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,65 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 23 Ақпан 2018
Мемлекет басшысы еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ..." -- 23 Ақпан 2018
Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады -- "ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев теңге ..." -- 23 Ақпан 2018
Дариға Назарбаева Сингапур басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты ... -- "Дариға Назарбаева Сингапурдың жоғары басшылығымен ..." -- 23 Ақпан 2018
АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. ..." -- 23 Ақпан 2018
Зейнетақы төлемдері -- "  «Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы ..." -- 21 Ақпан 2018
хабарландыру -- "«Шиелі тас» ЖШС мекемесі құрылыс құм ондейтін ..." -- 20 Ақпан 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 319,23 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 19 Ақпан 2018
Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады? -- "Наурыз айында Қазақстан халқы мереке күндерін ..." -- 19 Ақпан 2018

Қызылорда облысы өткен жылы апатты үйлер мәселесін толық шешкен.

Енді әлеуметтің әлсіз топтарын жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етпек. Бұл үшін арнайы жол картасы іске қосылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде жүзеге асатын жаңа бастама аясында тұрмысы төмен және жас отбасыларға берілетін пәтерлер саны 2 есеге дейін ұлғаяды.

I топ мүгедегі Зәуре Үксінбаева пәтер кезегін 9 жыл күтті. Ол тумасынан сал ауруына шалдыққан. Сондықтан тұрмысқа жайлы үйде тұрғысы келетін. Оның басты арманы өткен жылы орындалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 2 бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

Зәуре Үксінбаева, I топ мүгедегі:

– Пәтерді ай сайын төлеп тұратын, бастапқы жарнасымен 18 жылға алып жатырмын. Ол да біз сияқты 20 жыл кезекте тұрған адамдарға көп жеңілдік. «Өз үйім – өлең төсегім» дейді ғой Жиренше атамыз. Сол сияқты бәріміз де өз үйімізде ешкімге масыл болмай, өз-өзімізге қарап, қиналмай өмір сүреміз.

Өткен жылы Сыр өңірінде «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Зәуре секілді үй сатып алуға мүмкіншілігі жоқ 220 отбасы баспаналы болған. Биыл да мемлекеттік бағдарлама аясында 262 пәтер әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға арнап салынбақ. Оған қосымша облыстық бюджет есебінен тағы 250 отбасы үймен қамтылады. Бұл кешенді шарлар арнайы жол картасы аясында жүзеге аспақ.

Мұхамедиса Әлсеріков, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Бұл жерде «Нұрлы жер» бағдарламасын негізге алғанбыз. Сатып алу құқымен мүмкіндік болғанша бюджеттен қаржы бөліп, 2 миллиардтан кем емес, сол қаржыға сатып алады немесе құрылыс жүргіземіз. Оған барлығы тиісті алғышарттар жасалған. Сол жағалауда оған жер бөлінген. Құрылыс жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзір. Несиелік тұрғын үйлер соғылып, оны халық алу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда жергілікті атқарушы органдар сол қаржыға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған немесе жаңадан құрылыс жүргізуге құқы бар.

Жол картасына қатысушылар алдын ала банкте қаржат жинақтамайды және пәтерді кейіннен сатып алу құқығымен жалға алады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінбек.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша тұрғын үй алу кезегіне тіркелгендер 26 мыңға жетті. Оның 20 мыңдайы – облыс орталығының тұрғындары.

Видео ақпараттар

Scroll to top