АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ... -- "АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ..." -- 21 Қазан 2019
Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша -- "Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша ..." -- 21 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019

Алғашқы саны өткен ғасырдың басында жарық көрген, Алаш арыстарының шығармалары мен мақалаларын жариялаған отандық басылым – «Егемен Қазақстан» келер жылы ғасырлық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтпек.

Бұл туралы бүгін Акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі өткен жылды қорытындылау жиынында хабарлады. Оның айтуынша, былтыр оқырман санының артуына байланысты газет тиражы 204 мыңнан асып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Елді цифрландыру бағытында мобильді қосымшалары жетілдіріліп, ресми сайт интерфейсі жаңартылды. Енді барлық нөмірін электронды форматқа көшіріп, таңдаулы мақалалардың 10 томдық жинағы әзірленіп жатыр. Бүгінде әлемге танымал басылымдармен келіссөздер жүргізіліп, олардың халықаралық материалдары қазақшаға аударылатын болады. Сондай-ақ биыл наурыз айынан бастап газеттің ресми атауы жаңаша дизайнда және латын қарпімен шығады.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқармасының төрағасы: 

– «Егемен Қазақстан» деген атауы ғана жазылады әзірше. Біз былтыр тәжірибе жасадық. Бір бұрышына оқырмандарымыз қалай қабылдайды деп, латын әліпбиімен бере бастадық. Ал енді қазір, ол тәжірибені тоқтаттық, себебі ұлттық комиссияның шешімін күтіп отырмыз.

Источник: 24.kz

Scroll to top