ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қызылорда ..." -- 15 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 12 Қараша 2018
5 сұрақ -- "5 сұрақ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма ..." -- 09 Қараша 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Өзіне-өзі қызмет көрсету ..." -- 05 Қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі ..." -- 05 Қараша 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың ..." -- 05 Қараша 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "8 қарашада Астана қаласында мемлекет ..." -- 05 Қараша 2018
Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады? -- "Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, ..." -- 05 Қараша 2018
ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ -- "Шиелі өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт ..." -- 02 Қараша 2018

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының жаңа бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті енді Мәулен Әшімбаев атқарады. Елбасы партия саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысып, жаңа басшыны таныстырды. Мәулен Сағатханұлы еңбек жолын Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде қарапайым қызметкер болып бастап, бірқатар басшылық лауазымдарды басқарды. Ал 2012 жылдан бері Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Партиямыздың төрағасының бірінші орынбасары болып М.Әшімбаевты тағайындауды ұйғардым. Баршаларыңыз білесіздер, саяси кеңестің мүшесі. Президенттің аппаратында істеді, менің жанымда. Бес жылдан артық депутат болып отыр. Үлкен бір комитетті басқарды, Мәжілістің ішіндегі. Бәрімізге белгілі, сауатты, өзімізден де, шетелден де білім алған азамат. Содан кейін жастарды тартып, партиямыздың дәрежесін жоғары көтеруге жұмыс істейді деп сенемін. Құтты болсын!

Елбасы жаңа орынбасарын тағайындағаннан кейін партия алдына бірқатар міндет қойды. Кадр мәселесін тілге тиек етіп, мектептер мен жоғарғы оқу орындарының бағдарламасы заман талабына сай еместігін ашып айтты. Өркениет көшінен қалмас үшін тездетіп әрекет ету керек. Жолдауда қамтылған төртінші өнеркәсіптік революция осы міндеттерді шешуге ықпал етпек. Бұған қоса инфрақұрылымдық, индустриалдық бағдарламалар тағы бар. Оның іс жүзінде қарқынды іске асуына «Нұр Отан» партиясы атсалысып, халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деді Президент. Сондай-ақ Елбасы «Нұр Отаннан» бөлек басқа да партиялардың негізін қалау керектігін атап өтті. Ата заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін осындай қажеттілік туындап тұр. Әрі бұл шара партиялар арасында бәсекелестікті жандандыра түседі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Если мы не хотим отстать от мирового развития, то нам нужно двигаться быстрее. Поэтому Послание этого года направлено на выполнение реформ. Все наши предыдущие программы были нацелены на это. Вопрос в том, как они работают. Нам нужно строить предприятия, которые необходимы, которые будут производить экспортную продукцию. Просто поставить предприятие, потратить, закопать государственные деньги, это не подход. Во всех делах так. Ревизию никто не проводит пока что. Что мы строим, для чего строим, что мы делаем. Единственная бесспорная программа - инфраструктурная программа. Дороги вечно нужны, и автомобильные, и железные дороги, и мосты, и порты – они нужны, они артерии экономики любой страны и всего мира. Духовное развитие не должно оставаться, поэтому это программа тоже есть, вы знаете. Это первая часть. Вторая часть, надо стараться, чтобы партия участвовала во всех этих программах. У нас есть изъяны. Значит все должно проходить через партию. Партия должна участвовать в составлениях этих программ, партия должна осуществлять. У нас есть партийные организации везде – в районах, в городах, в областях. Они имеют свои аппараты, хоть и небольшие, достаточные чтобы работать. Вот они должны быть очень активными, они должны с народом разъяснять все, что мы здесь делаем, для чего делаем. Делаем для того, чтобы люди жили лучше. Если экономика будет расти, поступления в бюджет будет больше, и жизнь людей будет лучше.  Вот об этом мы и день, и ночь думаем.

Ал бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарып келген Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Нұрсұлтан Назарбаев Мұхтар Абрарұлына атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– Сенаттың депутаты болып тағайындалғанына байланысты Мұхтар Абрарұлы істеп жүрген қызметінен босатылады. Осы 2 жылдай жұмыс істеп, тапсырманы орындап, елді аралап, партиялардың ұжымдарымен қатынасып, жергілікті жерлерде саясатты жүргізіп, көп жұмыс жасағаны үшін рақметімді айтамын. Екіншіден, Сенаттың депутаты болып тағайындалуымен құттықтаймын. Ол – өте дәрежелі, абыройлы іс, біздің саясатты өткізетін, заң қабылдайтын жер. Сенат деген ең үлкен елек болып саналады.

Источник: 24.kz

 

Видео ақпараттар

Scroll to top