Б.Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін ... -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 23 Ақпан 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,65 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 23 Ақпан 2018
Мемлекет басшысы еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ..." -- 23 Ақпан 2018
Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады -- "ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев теңге ..." -- 23 Ақпан 2018
Дариға Назарбаева Сингапур басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты ... -- "Дариға Назарбаева Сингапурдың жоғары басшылығымен ..." -- 23 Ақпан 2018
АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. ..." -- 23 Ақпан 2018
Зейнетақы төлемдері -- "  «Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы ..." -- 21 Ақпан 2018
хабарландыру -- "«Шиелі тас» ЖШС мекемесі құрылыс құм ондейтін ..." -- 20 Ақпан 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 319,23 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 19 Ақпан 2018
Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады? -- "Наурыз айында Қазақстан халқы мереке күндерін ..." -- 19 Ақпан 2018

Кездесуде А.Смолин Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот кеңесінің 2017 жылғы қызметі және Қазақстан судьяларының VII съезінде берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің сот төрелігінің сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатымен мамандарды іріктеу жөнінде атқарып жатқан жұмысына тоқталды.

«Біз сот жүйесіндегі реформаны заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүргізудеміз. Сот кадрларын іріктеуді әділеті жүргізу үшін біз дербес Жоғарғы Сот кеңесін құрдық. Ол тәуелсіз және ешкімге бағынбайды», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Ұлт жоспарының 17-қадамын іске асыру тұрғысынан судья лауазымына үміткерлерді іріктеу барысында меритократия қағидатын басшылыққа алу қажеттігіне назар аударды.

«Бұл кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға тиіс. Тек әділ шешім қабылдайтындарды тағайындау керек. Адамдар сонда ғана өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін болады», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Анатолий Смолин Нұрсұлтан Назарбаевқа атқарып жатқан қызметінің, соның ішінде Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметін реформалау аясында құрылған тергеу соттарының құрамын қалыптастыру барысындағы қызметінің перспективті бағыттары жөнінде баяндады.  Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Источник:  24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top