АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Тұрматұлының ..." -- 18 Қаңтар 2018
АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "  Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің ..." -- 18 Қаңтар 2018
ТАЛАПТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің әкімі ..." -- 18 Қаңтар 2018
Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары қарсаңында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен кездесті. Елбасы сөзін алғыспен бастап, Джордж Кролға екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді. Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынас та сөз болды.

«26 жылда мемлекеттер арасында достық байланыс орнап, 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствааралық келісімге қол қойылды», – деді Мемлекет басшысы. Бүгінде Қазақстанда америкалықтардың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Оның 140-тан астамы – бірлескен кәсіпорындар. Өз кезегінде Джордж Крол Елбасының дипломатиялық қызметіне жоғары баға беріп, Президенттің Вашингтонға сапары екі ел байланысын одан әрі нығайтатынына сенім артты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я хотел специально с Вами встретиться перед моим визитом. Развитие отношения США и Казахстана во время своей деятельности вы сыграли не малую роль. Я хочу поблагодарить за такую деятельность. За 26 лет Независимости я имел контакты со всеми Президентами. В целом мы выстроили хорошие отношения, приняты документы.

Джордж Крол, Қазақстандағы АҚШ Елшісі:

– Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына сапары қарсаңында мен Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Вашингтон Мемлекет басшысын асыға күтіп отыр. Бұл Дональд Трамптың шақыруымен өтетін алғашқы ресми іс-сапар болмақ. Күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланады. АҚШ Қазақстанды сыйлап, құрметтейді. Сондықтан бұл сапар ынтымақтастықты кеңейтіп, бекемдей түспек.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top