Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және учаскелік сайлау ... -- "Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және ..." -- 21 Қаңтар 2019
«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары -- "«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары Біз «БЖЗҚ ..." -- 18 Қаңтар 2019
Хабарландыру -- "Хабарландыру   «Шиелі аудандық ауыл ..." -- 18 Қаңтар 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 15 Қаңтар 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары -- "Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары ..." -- 15 Қаңтар 2019
Қарағандыдадағы кісі өлімі: Қашып кеткен армян азаматы Ресейде ұсталды -- "Бүгін Қазақстанның ІІМ криминалдық полиция ..." -- 09 Қаңтар 2019
Назарбаев жаңа сыртқы істер министріне тапсырма берді -- "Кездесу барысында президентке еліміздің сыртқы ..." -- 09 Қаңтар 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «25» желтоқсан ..." -- 26 Желтоқсан 2018
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ... -- "Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит ..." -- 21 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сұрақтар бойынша «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық ..." -- 20 Желтоқсан 2018

2017 жылдың әлемдік қаржы нарығындағы елеулі оқиғаларының бірі –  виртуалды криптовалюталар сегментінің қарыштап өсуі. Биткоин, эфир және басқа да материалдық емес төлем құралдары биржадағы жоғары орынға шығып, алыпсатарлық құралға айналды. Жыл соңында биткоинның құны біресе, қарыштап өсіп, 20 мың долларға дейін жетсе, кейде 30 пайызға дейін, тіпті одан да қатты құнсызданды. Бұл сәтті қазақстандықтар да пайдаланып қалғысы келді. Дегенмен сарапшылар мен Ұлттық банк материалдық емес активтерді сатып алудың қауіпті екенін де ескертіп отыр.

Ең танымал криптовалюта саналатын биткоинның құны өткен жылдың 17 желтоқсанында өзінің жоғарғы шегіне жетті. Сол кезде әлемдік биржаларда бір биткоинға 20 мың доллар төленді. Кейінірек криптовалютаның құны төмендеп, 7 мың долларға арзандады. Бірнеше күннен кейін Bitcoin.com компаниясын жасаушылардың бірі Эмиль Ольденбург криптовалютаның болашағы бұлыңғыр екенін, ал оған инвестиция салу өте қауіпті екенін мәлімдеді.

Бұл пікірді криптовалютаны заңды төлем құралы ретінде мойындаған Жапонияның қаржы министрі де құптап отыр. Ал қазақстандық сарапшылар екіұдай пікірде. Кейбірінің айтуынша, шифрлау, сақтау мен мәліметті беру, яғни блокчейн технологиясын өзге салада кәдеге жаратуға болады.     

Айдархан Құсайынов, экономист:

– Блокчейн технологиясы қарапайым тілмен айтсақ, ол белгілі бір тәртіппен блокқа шифрланады және ол жерден бірде-бір транзакцияны өзгерте алмайсыз. Өйткені тұтас блок ауысып кетеді. Мәліметтер базасында жылжымайтын мүлік саласындағы, төлқұжат саласындағы келісімшарттарды сақтай аласыз. Кейін өзгерткіңіз келмейтін барлық мәліметтерді сақтауға болады.

Криптовалюта да блокчейн технологиясын қолданады. Бірақ мақсат-міндеті басқа. Цифрлық бірліктердің шығуын бірде-бір Орталық банк бақыламайды. Көбіне олардың саны аз, ал келісімшарттар құпия жасалынады. Сондықтан биржаға түскен криптовалюта алып-сатарлықтың құралына айналуда. 

Константин Горожанкин, қазақстандық интернет-бизнес қауымдастығының президенті:

– Үлкен компаниялар мұның уақытша науқан екенін біліп отыр. Сондықтан ұрымтал сәтті жібермей, адамдардың биткоинға деген қызығушылығын пайдаланып табыс тауып қалғылары келеді. Қазір пәтерлерді де биткоинға сатып алып жатыр. Жылдам өсіп жатыр. Бірақ сол адамдардың да алаңдаушылығы жоқ емес.

Айдархан Құсайынов, экономист:

– Криптовалюта ретінде басталғанымен бүгінде оны актив ретінде қабылдау керек. Және де оның құндылығы еш негізсіз. Сонымен қатар барлығы жаппай қызығушылық танытып отыр. «Бұл – біздің болашағымыз», – дейді. Сондықтан бүгінгі уақытта ол әншейін көпіршік қана. 

Криптовалютаны реттеуді мамандар шартты түрде бірнеше бөлімге бөледі. АҚШ криптовалютаға өзге де құнды қағаздар секілді актив ретінде қарайды. Яғни биткоиндарды алып-сатудан түскен табыстан салық алынады. Ал өзге елдер керісінше, өз тұрғындары үшін алаңдап отыр.  

Роберто Орландо Бекария, IT жобалардың сәулетшісі:

– Жүйе мен механизмдерін жасау керек. Қалай жасалуы керектігін анықтау қажет. Қазір бүкіл әлемдегі криптовалюталар әншейін «криптотокен» ғана. Кейбіреулері оны айырбас бірлігі ретінде, ал кейбіреулері ақша ретінде қолданып жүр. Бір заттарды сатып алғылары келеді. Жалпы экономикалық тұрғыдан ешқандай мәні жоқ.  

Еліміздің Ұлттық банкі де қазақстандықтарға «маңдай термен тапқан табыстарын цифрлық ақшаға салмас бұрын мұқият ойланған жөн», – дейді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Бұл операциялардың тәуекелі басым екенін ескертемін. Бұған қоса біз Үкіметке шығып, талапты күшейтіп, криптовалютамен төлем жасауға және осы криптовалюталарды шығарып жүрген компаниялардың жұмысына тыйым салу жөнінде ұсыныс айттық. 

Мамандар: «2018 жылы криптовалютаның құны қалай боларын дөп басу қиын», – дейді. Дегенмен цифрлы активтердің қарқын алып, ІТ-платформалар жетілдіріліп, криптовалюта әлемінде ондаған компанияның нарыққа шығатынына сенімді. Сондықтан сарапшылар азаматтарға соңғы тиынына дейін салмай, жеті рет өлшеп бір рет кесуге кеңес беріп отыр.     

 

Видео ақпараттар

Scroll to top