ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықты жаңа 2018 жылмен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Құрметті отандастар! Санаулы сәттерден соң біз күнтізбенің жаңа парағын ашып, 2018 жылды қарсы аламыз. Жаңа жыл – барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке.

2017 жыл Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы болды. Ата заңымызға өзгеріс енгізіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін маңызды қадам жасадық. Бабалар дәстүрінен нәр алып, болашақтың бағдарын айқындайтын Рухани жаңғыру жолын бастадық. Өткен жыл қазақ тілінің жаңа әліпбиі қабылданған тарихи шешім арқылы есте қалады.

Біз саясатта, экономикада, спорт саласында маңызы зор халықаралық шараларға бастамашы болдық. Татулық пен тұрақтылықтың мекені – Қазақстан ел мен елдің арасын жақындатты. Әлемнің әр түкпірінен келген спорт саңлақтары Қысқы Универсиада төрінде бас қосты. Астананың және бүкіл еліміздің ажарын ашқан «ЭКСПО» көрмесі беделімізді биіктетіп, абыройымызды асқақтатты.

Барша мұсылман елдерінің басшылары қатысқан жиын өтті. Биыл біз он сегіз миллион халқы бар еңселі елге, мерейлі мемлекетке айналдық. Өтіп бара жатқан жылды баршамыз үшін құтты жыл болды деп сеніммен айтуға болады. Жарқын жетістіктеріміз бен жасампаз жеңістеріміз – бекем бірлігіміздің арқасы. Бұл белестерді өздеріңізбен бірге алдық, толайым табыстарға сіздермен бірге жеттік.

Қадірлі қазақстандықтар! Босағамыздан аттағалы тұрған 2018 жыл да берекелі болады деп ойлаймын.

Қазақстан келер жылды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етумен бастайды. Бұл – қазіргідей күрделі кезеңде елімізге артылған үлкен сенім және зор жауапкершілік.

Алдағы жылы ерке Есілдің жағасындағы ажарлы Астананың 20 жылдығын атап өтеміз. Елордасы еңселі, қуатты Қазақстанның мақсаты – биік, бағдары – айқын, келешегі – кемел.

Келер жыл ел қазынасын еселеп, халықтың әл-ауқатын арттыратын жемісті жыл болсын! Алдағы жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Баршамыз сол үшін қызмет етейік! Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, бірлік тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Scroll to top