Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 2005 жылдан бастап Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін және жеңілдікпен дәрілік қамтамасыз ету жүйесі қызмет етеді.

Министрлік пен «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы 2018 жылға амбулаториялық дәрілік қамту қажеттіліктері туралы алдын ала ақпаратты жинау жұмыстарын жүргізді, оның аясында кем дегенде 32% немесе 60 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмек тапшылығы анықталды.

Осы мақсатта тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру ережесі бекітілді, және ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді.

Бұдан өзге дәрі-дәрмек айналымы саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық акті әзірленді. Биыл 30 маусымда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықтандыру мәселесін қозғайтын заң күшіне енді.

Сатып алудың жаңа ережелеріне сәйкес, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор жүргізетін екі кезеңді тендер рәсімнің ұзақтығы – 59 күн. Дәрі-дәрмекті жеткізудің басталу мерзімі шамамен 2018 жылдың 15 ақпанынан 10 наурызына дейін жоспарланған.

Осыған байланысты дәрілік препараттармен қамтамасыз етуде олқылықтың орын алмауы мақсатында Үкімет қаулысының жобасына бірыңғай дистрибьюторға 2018 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға деген үш айлық сұранымды бір жерден сатып алу мүмкіндігі туралы толықтырулар қосу ұсынылады.

Мәселені қарауды қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмек сатып алу мәселелері Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Проблеманың маңыздылығына байланысты Премьер-Министр Елжан Біртановқа мәселені жеке жауапкершілігіне алу керектігін айтты. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына түзетулер енгізіп, жоспардағы кемшіліктерді жою туралы тапсырма берілді.

Мәселені бақылау ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top