Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол картасын бекітті. Астанаға Қырғыз Үкіметінің делегациясы келген болатын. Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғызстан вице-премьері Толқынбек Әбдіғұлов келіссөздер жүргізе келе, 3 желтоқсаннан бастап қазақ-қырғыз шекарасы күшейтілген режімнен қалыпты жұмыс жағдайына көшірілетін болды.

Жол картасының орындалу барысын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бақылауда ұстайды. Келісімге қол қоюға екі ел президенттерінің Минскідегі ортақ мәмілеге келуі негіз болған еді.

Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен жүздесіп, шекарадағы жағдайды түзету үшін арнайы Жол картасы әзірленетінін айтқан болатын.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Мемлекет басшысының қырғызстандық әріптесімен Минскідегі кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмасына орай екі ел үкіметі арасында келіссөз жүріп, екіжақты экономикалық ынтымақтастығының Жол картасын бекітті. Жол картасы ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған 50 кешенді шараны қамтиды. Оның ішінде шекара, көлік, фитосанитария, кедендік және әкімшілік салық мәселелері бар. Құжатта 16 шұғыл шешуді талап ететін, 5 қысқа мерзімді, ал 29 жүйелілікке негізделген шара бар. Мұның бәрі қырғыз экономикасының Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына толығымен сәйкес келуін қамтамасыз етіп, қырғыз тауарларын экономикалық одақ нарығына қол жеткізуге бағытталған. Айта кету керек, 2017 жылдың 10 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында шекарада төрт мыңнан астам заң бұзушылық факті тіркелген. Жол картасына қол қойылғаннан кейін біз кедендік, салықтық, ветеринарлық, фитосанитарлық және санэпидемиалогиялық бақылауды  ЕАЭС ішкі шекарасы талаптарына сай жүргізетін боламыз. Қызық-қырғыз шекарасындағы экспортты-импорттық және тасымал қауіпсіздігін Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен қамтамасыз етеді. Қырғызстан тарабы Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес, жоғарыда аталған салаларды мұқият бақылауға міндеттеме алды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні қырғыз басшысының өтінішімен Беларусь жерінде Қазақстан мен Қырғыз елінің президенттері кездескен болатын. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммиті аясында қауышқан мемлекет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін пысықтады. Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков шекарадағы жағдайды түзету үшін бар жауапкершілікті өз мойнына алған еді. Енді Қырғызстан Үкіметі сол мәмілеге сәйкес өз міндеттерін орындауы тиіс.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top