Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Президент алқалы жиында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін ерекше атап өтті. Игі тілегін жеткізді. Тағылымы мол бастамаға Елбасының өзі мұрындық болды. Ал ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды анықтауға мұқым ел болып атсалысты.  Арнайы порталда дауыс берді. Ғаламторда онлайн іріктеу кезе­ң­інен 2 мыңнан астам үміткердің ішінен 102  же­ң­імпаз аны­қ­талды.

Форумда елге танымал адамдармен бірге игі іс тыңдырған өзге де жайсаң жандар таныстырылды. «100 жаңа есім»! Дұрысы, 102 адамның есімі елдің есінде қалмақ. 

Неге 102 дерсіз. Онлайн дауыс беру арқ­ылы жобаны­ң­ іріктеу кезе­ң­інен 2 мыңнан астам үміткердің ішінен осыншама же­ң­імпаз аны­қ­талды. Саны бойынш­а алғ­аш­қ­ы ж­ү­здіктен с­ә­л ғ­ана төмен т­ұ­рған екі үміткерді де тізімге ­қ­осу туралы шешім қабылданды. Бас-аяғы бұл жобада 340 мы­ң­нан аста­м ­қ­аза­қ­станды­қ­ ө­здері таңда­ғ­ан т­ұ­л­ғ­алар­ғ­а 1 миллион 376 мы­ң­ дауыс берген. Озған жұрт несімен озық? «100 жаңа есім» – бұл бүгінгінің батыры мен ақыны, қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы азаматтар.

Ерлан Күмісқалиев, «Атырау – маленькая страна» ҚБ төрағасы:

- Осы 100 жаңа есімге кіргеніміне қуаныштымын. Өйткені бұл үлкен дем беретін, жігер беретін жоба. Талай балаларымызға жарық келтіреміз. Я болмаса, өмірлерінің сапасын өзгертеміз деген үміттемін. Өздеріміздің орталығымыз бар. Онда миға терең зақым алған жаттықтыру өтеді, сауықтыру өтеді. Біз ерекше балаларға көмектесуге тырысамыз.

Қайрат Үмбетов, ҚР Ұлттық гвардиясы 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары:

- 100 жаңа есім форумына қатысып отырғаныма қуаныштымын. 2016 жылы қызмет бабында жасаған ерлігім үшін Елбасының қолынан мемлекеттік наградамен марапатталдым. Мерекеге қатысу себебі осы. 

Халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғалармен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесті. Елден ерек есімдермен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я ознакомился с вашими биографиями, вашей жизнью. Вы кипите в этом обществе, вы созидаете, вы вышли вперед и мы теперь встречаемся как сто новых лиц годов независимости, которых победили и стали ведущими. Я вас поздравляю. 

Бұл ортаға өңшең даналығымен һәм  даралығымен ерекшеленгендер жиналды. Туған жерінде мерейлі істерімен танылған азаматтар. Міне, осы  тұлғалар  өскелең ұрпаққа өнеге болып, ұлттық рух беріп, жастарды алға жетелеуі тиіс. Халықтың санасын жаңғыртатын да осылар. Президент осылай деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Пробиться людям талантливым и гениальным очень трудно. Поэтому с другой стороны вы теперь герои. Вот почему духовное возрождение, изменение сознание казахстанцев имеет огромное значение для нашего будущего. Я это продумал и сказал теперь пришло время говорить об этом. Экономику создали, бизнес собщество создали, Казахстан сделали известным в мире. Нас уважают, нас ценят, казахов узнают везде. Теперь двигаться надо в следующую ступень. А двигаться надо через духовное возрождение. 

100 жаңа тұлғаның ішінен бірінші болып Президент алдында Рахат-Би Әбдісағын сөз сөйледі. Қазақстандағы ең жас композитор, пианист. 13 жасында - студент, он жетісінде - магистрант, енді он сегіз жасында әлемнің үздік музыкалық Академияларының біріне докторантураға  жолдама алды.

Рахат-Би Әбдісағын, композитор, пианист:

- Академияны 1585 жылы Рим Папасы салған. Бұл - әлемдегі ең озық музыкалық мектептердің бірі. Жүздеген үміткердің ішінен тек үздік бес талапкер оқуға қабылданды. Солардың қатарында мен де бармын. 600 жыл тарихы бар академияда ең жас доктарант атандым. 

Бойына біткен дара тұлғаның бірі Саида Қалықова. Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі. Көру қабілетінен айырылған музыканттың музыкасын кім болмасын ұйып тыңдайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Рахмет, Саида. Осы жолыңмен жүре бер. Сен қанша адамдарға, жастарға үлгі-өнеге боласын. Адамның мүмкіншілігі шексіз екенін көрсетесің. Бақытты бол. Ұзақ ғұмыр тілеймін. Әлі талай шығарма жазасын. Қуантасын бізді.

Нұрсұлтан Назарбаев медицина саласының майталмандарымен де танысты. Гүлжан Сәрсенбаева - кардиохирург. Ақ халатты абзал жанның мойнына артылған жүк ауыр. Ол жаңа туған нәрестелердің жүрегіне операция жасайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Трудно представить вашу профессию. Маленького малыша оперировать. Наверное взрослого намного легче. И вы спасаете столько детей. Успехов вам.

Мемлекет басшысы бүгінде медицина әлемде қарыстап емес, қарыштап дамып жатқанын айтты. Қазақстанның да озық елдерден озатын мүмкіншілігі бар. Тіпті, емі жоқ індеттің емін бірінші болып табуға бүгінде елімізде барлық жағдайлар жасалған, деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Эксперты говорят, что к 2040 году найдем мы лекартсва от рака. И победим это зло. У нас в Казахстане есть возможность раньше это сделать. Сейчас по моей команде создается специальный научный онкоцентр.

Алтын кездік қап түбінде жатпайды. Қазақстан Амазон, гугл, майкрасфот сынды алпауыт компанияларда жұмыс істейтін жастарымен мақтана алады. Мәулен Бектұрғанов, Санжар Мырзағалым секілді АйТи мамандары мен өнертапқыштар елімізді озық отыз елдің қатарына жетелеуге дайын.

Санжар Мырзағалым, өнертапқыш:

- Біздің тарихымыз, жолымыз әйгілі Стив Джобстың тарихына ұқсайды. Ол өзінің стартапын гаражда бастаса, біз өзіміздікін университеттің подвалында бастадық. Осыдан үш жыл бұрын «Экосоки» деп аталатын электр қуатын үнемдейтін интелектуалды жүйені ойлап таптық. Негізі Қазақстанда электр қуатын жұрыс қолданатын болсақ, онда 5 млрд киловатт сағатқа жуық, үнемдеуге мүмкіндік бар. Ал бұл 70 млрд теңге тұтынуышының қалтасында қалады деген сөз. Сонымен экологияға да жақсы әсерін тигізеді. 

Ұлы істердің ұмытылмайтыны белгілі. «100 есім» ел есінде қалады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған бұл жоба Ұлы ұлт,  ұлылар тұлғалар туала  алатынын дәлелдеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вы и есть лицо Казахстана. За 26 лет Независимости РК мы создали. Вы самый передовой отряд нашей молодежи, которое поведет Казахстан в большое будущее. Я счастлив участвовать на такой встрече. Каждый из выступавших, и те дргуие - достойны фильма, достойны книги. Чтобы читали и вдохнавлялись и старались быть такими же. Я вас поздравляю. Еще я буду читать ваши биографии и постараюсь, чтобы ваши достижения двигались вперед и служили нашей родине - Республике Казахстан.

100 жаңа есім бұл туған еліне қолғабыс болуды өзіне серт еткен ұлттың ұл-қыздары.  Зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу бола алатын азаматтығы мен іскерлігі қатар үйлескен адамдар.

Баһаргүл Төлегенқызы, кәсіпкер:

- «100 есімге» кіру мен үшін қуаныш. Бұл мемлекет алдында, отан алдында, маған сенгендердің алдында үлкен жауапкершілікті арттырады. Көпшіліктің алдында жұмыс істеу үшін бұл атақ бізді алға жетелейді, қанаттандырады.

Құралбай Орынбасар, самбо күресінен жаттықтырушы:

- Бұл жоба өте керекті жоба. Еңбектің қайтқаны, еңбектің ақталғанына қуаныштымыз. 100 жаңа есімге өз еліне, кәсібіне адал болған жандар кіретін шығар деп ойлаймын.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Біздің жастар бәрі өз қолдарын екенін түсіну керек. Біреуден көмек күтіп, ертең біреу келіп ажсап береді деп отыруға болмайды. Елбасының арқасында өте қызық заманда қмір сүріп отырмыз. 

Мерейлі мереке барысындағы жиынды түйіндей келе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шарапаты мол шараға арналған көрмені аралап, халықпен емен-жарқын әңгімелесті. Форум соңында Елбасы 100 жаңа есім иелерімен естелік суретке түсіп  ерекше көңіл күймен тарқасты. 

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top