ШИЕЛІДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ... -- "18 мамыр күні ауданы әкімі Ә.Оразбекұлының ..." -- 21 Мамыр 2018
Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім грамоталарын тапсырды -- "17 мамырда Қазақстанның Ирландиядағы елшісі ..." -- 18 Мамыр 2018
Елбасы Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арналған ... -- "Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі ..." -- 18 Мамыр 2018
Мемлекет басшысы «Hotel Properties Limited» компаниясының негізін ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сингапурлық ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Елбасы Батыс Қазақстан облысының ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Жиында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің 2017 жылдың ..." -- 15 Мамыр 2018
16 мамыр күні еліміздегі ауа райы қандай болады? -- "16 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне ..." -- 15 Мамыр 2018
ШИЕЛІДЕ БАТЫР БАБА ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ -- "13 мамыр күні батыр - баба Тұрсынбай ..." -- 15 Мамыр 2018
Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ... -- Зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені ..." -- 03 Мамыр 2018
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым ..." -- 02 Мамыр 2018

2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – ЭЫДҰ ұйымы елдерімен салыстырылатын адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және тұрақты дамуына қол жеткізу. Үкімет отырысында 2025 жылға дейінгі статегиялық даму жоспары жобасын таныстыру барысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді.

«Құжат негізгі тапсырмаларға қол жеткізілген, қолданыстағы 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының орнын баспақ. Өзгеріп отыратын жаһандық ахуалды және Ұлт жоспары – «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» секілді жаңа құжатардың қабылдануын есепке ала отырып, Стратегиялық жоспар 2025 жылға дейінгі мемлекеттік саясаттың ортамерзімдік мақсаттарын, міндеттерін және басымдықтарын айқындайды», – деді Сүлейменов.

Ол негізгі екпін XXI ғасырдағы халықаралық деңгейдегі табысты даму мен бәсекелестіктің негізгі шарты адами капиталды арттыруға салынып отырғандығын атап өтті.

«Жоспарда болашақтағы экономикалық саясаттың негізгі драйверлері (мәселен, адамдардың құзыреті мен дағдыларын, технологиялар мен цифрландыруды дамыту, өңірлердің рөлін күшейту, «жасыл экономикаға» өту) қамтылған. Ол сондай-ақ сценарлық жоспарлау есебінен бейімдеуші болып табылады және Үкіметтің егжей-тегжейлі бастамаларының нақты жұмыс жоспарын көрсетеді», – деді министр.

Ол Стратегиялық жоспардың Қазақстанның 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспарын айқындайтындығын, оның ішінде ЭЫДҰ елдерінің деңгейіндегі әлемнің дамыған елдерінің лигасына апаратын жолдағы адамдардың өмір сүру сапасын аттыруға әкелетін, экономиканың сапалы және тұрақты өсіміне қол жеткізетіндігін атап көрсетті.

«Стратегиялық жоспар жаңа, технологияландырылған, экспортқа бағдарланған экономиканы қалыптастыруға бағытталған экономикалық өсімнің жаңа моделін айқындайды.Өсімнің үш драйвері белгіленді», – деді Сүлейменов.

Дамудың бірінші драйвері экономиканың қолда бар салаларын және олардың оперативтік тиімділігін арттыру, өндіріске арналған ресрустарға шығындарды және өнімдерді тасымалдау және сатуға шығындарды азайту, технологиялық жаңартуға және цифрландыруға инвестициялар құю және «жасыл экономикаға» көшу үшін жағдай туғызу есебінен өнімділікті арттыру болып табылады.

Өсімнің екінші драйвері қолда бар салалардың экспортқа бағдарлануы, жоғары қосылған құндағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге екпін түсіру, жеткізілімнің ғаламдық тізбесіне енгізу болып табылады. Нәтижесінде басты экспорттық позиция бойынша жаһандық нарықтағы позициялар арттырылуы тиіс. Өсімнің үшінші драйвері жаңа жоғары өнімділіктегі экономика салаларын құру болмақ, олар жеткізілімдер тізбегін құру және айналасындағы қызмет көрсетуді дамыту есебінен және қолда бар салалар, технологиялық компанияларды оқшаулау, технологиялар трансферін және инновацияларды коммерцияландыру жағдайында пайда болуы тиіс.

«Біз сыртқы конъюнктураға тым тәуелді емес тұрақты сапалы өсім міндетін қойып отырғандықтан, тек қарқын ғана емес, сонымен бірге адамдардың өсім сапасы мен өмір сүру сапасы маңызды болып табылады. Сондықтан Стратегиялық жоспар аясында біз өзекті ұлттық индикаторларды анықтадық, олар үш маңызды құрамдас бөлікті (өсу қарқыны, өсім сапасы және өмір сүру сапасы) және әлемдік дамыған 30-дыққа жолдағы прогресті бейнелейді», – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, әлемнің 230 дамыған елінің қатарына ену мақсатына қол жеткізу үшін бізге мыналарды қамтамасыз ету қажет: жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі 46 100 АҚШ долларына (СҚТ) дейін; еңбек өнімділігінің артуы орта есеппен жыл басына 4,7%.

Бұл үшін Қазақстанға экономиканың сапалы өсімі үшін мыналар қажет: шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортының үлесі 2016 жылғы 44,6%-дан 2025 жылға қарай экспорттың жалпы көлемінің 50%-ы, бұл экономиканы әртараптандырудың белгісі болып табылады; ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 26,8%-дан ЖІӨ-нің 35%-ына дейін; негізгі капиталға инвестициялардың өсімі 16,4%-дан ЖІӨ-нің 19%-ына дейін. 

Елдің әл-ауқатының көтерілуі халықтың өмір сүру сапасының артуымен ілесе жүруі тиіс, оған мыналар жатады: өмір сүру ұзақтығының 72-ден 75 жасқа күтілетін ұлғаюы; аз қамтылған 40% халықтың табысының үлесінің 22,8%-дан 27%-ға дейін көтерілуі; орта білім беру сапасының PISA тесті деректері бойынша оған кіретін үш параметр бойынша 450-490-ға дейін өсуі; экономиканың энрегия сыйымдылығының 40%-ға дейін (2008 жылдың деңгейінен) азаюы; ЖІӨ бойынша өңірлер арасындағы даму алшақтығының 3,2 еседен 2,7 есеге дейін азаюы.

Источник:24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top