5 сауал -- "5 сауал   Зейнетақы активтерін кім ..." -- 16 Шілде 2018
Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 16 Шілде 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне ... -- "Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік ..." -- 16 Шілде 2018
Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады -- "Бурабайдың баурайында «Біржан-Сара» операсы ..." -- 16 Шілде 2018
Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы -- "Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы ..." -- 16 Шілде 2018
ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ -- "ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ Астана күнін ..." -- 08 Шілде 2018
Елбасы Ұлттық ғарыш орталығына барды -- "Мемлекет басшысы Астананың 20 жылдығы қарсаңында ..." -- 02 Шілде 2018
Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда -- "Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда Қордың басты ..." -- 27 Маусым 2018
ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ -- "ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ ..." -- 25 Маусым 2018
Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт ..." -- 21 Маусым 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады. «Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы екіжақты шарттың аясында және соның ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады.

Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудің сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудың маңызды бөлігі болып саналады.

Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғаны маңызды», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне зор денсаулық, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру жолында толағай табыс тілеп, достас Ресей халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top