Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның ресми делегациясы өкілдерімен өткен келіссөзден кейін мәлімдеме жасады. Еске сала кетейік, телефон арқылы әңгімеден соң қырғыз тарапы бастамашы болған басқосуға көршілес елдің Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған құрамында 30 мүшесі бар үкіметтік делегация Астанаға арнайы келген болатын. Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, кең ауқымды экономикалық мәселелер жан-жақты талқыға салынып, өзара мәміле жасалды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

- Алдымен екіжақты экономикалық қатынастардағы түйткілдерді талқыладық. Олар екі елдің  шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау мәселелері бойынша өзара ықпалдастық жайын қамтиды. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының сәйкес нормалары мен ережелері негізіндегі кедендік және салықтық әкімшілендіруге қатысты өзекті мәселелерді елеп-екшедік. Мысалы біздің кедендік органдарымыз қырғызстандық импорт тасымалдаушылардың Қытайдан Қазақстан шекарасы арқылы тауар тасымалдаған кезінде декларациялау шарасын талапқа сай өткізу әрекетін анықтайды. Өйткені оның салдарынан Қазақстан экономикасы зардап шегеді. Қырғыз тарапы қойылған талаптармен келісіп, өз міндеттемелері мен Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық мүдделерін орындау бағытындағы проблемаларды шешуде тиімді шаралардың қолданылатынына кепілдік берді. Келіссөз нәтижесінде Қазақстан және Қырғызстан Үкіметтерінің бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top