Б.Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін ... -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 23 Ақпан 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,65 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 23 Ақпан 2018
Мемлекет басшысы еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ..." -- 23 Ақпан 2018
Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады -- "ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев теңге ..." -- 23 Ақпан 2018
Дариға Назарбаева Сингапур басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты ... -- "Дариға Назарбаева Сингапурдың жоғары басшылығымен ..." -- 23 Ақпан 2018
АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. ..." -- 23 Ақпан 2018
Зейнетақы төлемдері -- "  «Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы ..." -- 21 Ақпан 2018
хабарландыру -- "«Шиелі тас» ЖШС мекемесі құрылыс құм ондейтін ..." -- 20 Ақпан 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 319,23 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 19 Ақпан 2018
Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады? -- "Наурыз айында Қазақстан халқы мереке күндерін ..." -- 19 Ақпан 2018

Сочиде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кеңесі  өтті. Тараптар күн тәртібінде 20-ға жуық мәселені қаузап алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтады. Көшбасшылар жаһандағы жағымсыз жайттарды ескере келе  гуманитарлық ынытмақтастықты тереңдетуге және экономиканың басты бағыттарына басымдық берді. Тағы бір айта кететін жайт бұл басқосуға алғаш рет Өзбекстан мен Молдова Республикасының президенттері  қатысты.

Туристік Сочи бұл күндері саяси алаңға айналды. Қара теңіздің солтүстік жағалауында ТМД елдерінің басшылары бас қосты. Ұйым барлығы 11 мемлекетті біріктірсе, 9-ның көшбасшысы самиттке табан тіреді. Елдегі саяси науқанға байланысты Алмазбек Атамбаевтың орнына Қырғызстанның премьер-министрі келді. Украина президенті де жиында төбе көрсеткен жоқ.

Қалыптасқан дәстүр бойынша мәртебелі меймандарды саммит қожайыны қарсы алды. Жылы лебіз алмасып, көшбасшылар шүйіркелесіп жатты. Үлкен жиынның алдында болатын қалыпты құбылыс. Президенттердің позитивті көзқарастары көш жерден көзге ұрып тұр.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

- ТМД елдері басшыларының саммиті мына ғимаратта өтіп жатыр. Жиынның басым бөлігі жабық есіктің арғы жағында. Бір білеріміз ұйым жұмысын ілгерілету, көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен пысықталуда. Ал біз тілшілер қауымы негізгі ғимараттың қасында орналасқан баспасөз орталығынан xабар таратамыз.

Көшбасшылар алдымен шағын құрамда тілдесті. Ресей жағы бір жылдық төрағалығын қорытындылады бірден. Барлығы 50 шара атқарылған. Оның ішінде - ұйым трансформациясы да бар. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы өткен саммите ұсынды. Мақсат - ұйым институттарының тиімділігін арттыру. Бұл бағытта Атқарушы органдар тыңғылықты жұмыс істеді. Сөйтіп, ТМД-ның жоғары органдарының өкілеттіктері қайта бөлінбек. Профильді мәселелер тиісті органдарға жүктелсе, мемлекеттер басшыларының кеңесі достастықтың даму стратегиясымен айналысады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- На сегоняшний день главным стратегическим документом развития сотрудничества является концепция даьнейшего развития Снг и план основны мероприятии по ее реализации, принятые еще в 2007 году. Данный документ оxватывает широкий спектр деЬельности снг, включая полетическое, эконтмическое и гум-евзаимодейстие, атакже взаимодействие в сфере безопасности. Предлогаю провести ревизию действующей концепции, адаптировать ее положение к тербованиям времени и разработать новый план мероприятии на сред перспективу.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Саммиттің күнтәртібі мазмұнды. Біз ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты әрі шарай өрбутудің жолдарын пысықтаймыз. Достастық құрылымдарының тиімділігін арттыру шараларын ортаға саламыз. экономикалық әріптестікке ерекше көңіл бөлінеді. Сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту үшін тосқауылдарды жою көзделуде. Бізде өзара ірі, әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. 

Экономикалық өсім көшбасшылардың басты назарында.  Бұл тақырып, әсіресе, тоқырау кезеңінде өзекті.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

- Қазір әлемдік экономикада тұрақсыздық сақталуда. Бұған ТМД мемлекеттері ерекше көңіл бөлуі тиіс. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев өзара сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға назар аударды. Бұдан бөлек президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған ТМД-ның одан әрі даму концепциясын жетілдіруге шақырды. Құжатты қайта қарап, қазіргі заманға бейімдеу керек.

Нұрсұлтан Назарбвев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В мировой экономике по прежнему соxраняется повышенная волатильность. В этиx условияx страны снг должны уделять особое внимание взаимному углублению торгово-экономическиx отношении и скать новые ресурсы для экономического роста. Одним из наиболее развивающиxся сигментов является рынок услуг. Свободная торговля услугами на территории снгпозволит открыть новые возможности для нашиx бизнесменов и выведет торгово-экономическую кооперацию нашиx стран на новый уревень. Предлогаю поручить совету глав правительств и исп комитету активизировать работу по пректу соглашения о своьодной торговле услугами и принять его в ближащее время. 

Саммитте 20-ға жуық мәселе қаралды. Барлық сала бойынша ең көкейкесті түйткілдер сараланды. Қауіпсіздік, қорғаныс, жемқорлықпен күрес, бейбіт мақсатта ғарышты бірлесіп игреу және тағы басқа. Айта кетерлігі, биыл гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән берілуде. Көшбасшылар 2017 жылды отбасы институты мен  дәстүрлі отбасылық құндылықтарын қолдау жылы деп жариялауы сондықтан. Осыған орай тиісті мәлімдеме қабылданды. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. ТМД басшыларының бас қосуы бірден Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына ұласты. Онда ұйымға мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения басшылары интеграциялық даму мәселелерін ортаға салады.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top