Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ -- "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және ..." -- 02 Наурыз 2020
Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты ... -- "Бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат ..." -- 28 Ақпан 2020

Қазақстан құрама командасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің іріктеу турнирін аяқтады.

Нәтижесі көңіл көншітпейді. Олар мүмкін болған отыз ұпайдың үшеуін ғана иеленіп, көш соңында қалып қойды. «Е» тобынан Польша жаһандық жарысқа жолдама алды. Дания да үмітін үзген жоқ. Александр Бородюк шәкірттері соңғы турда Арменияны қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Ойынның 26-минутында Генрих Мхитарян есеп ашқан болатын. Үзілістен кейін Бауыржан Тұрысбек таразы басын теңестірді. Кездесуден кейін сөз алған 2 команданың да бапкерлері өз шәкірттеріне риза екендігін жеткізді.

Артур Петросян, Армения құрамасының бас бапкері:

– Менің түсінігімде біздің жігіттер біршама тәуір ойнады. Жеңіске жақын тұрды. Алайда екінші рет гол соға алмадық. Тіпті матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып алатын мүмкіндік болып еді, Қазақстан қорғаушысы да сәтті ойнады. Ендігі тағдырымызға қатысты айтар болсам, бәрін ұлттық федерация басшылары шешеді. Өз басым футболшыларға ризамын. Шамасы келгенше ойнады.

Александр Бородюк Қазақстан құрамасының бас бапкері:

– Жігіттерге ризамын. Бәрі де жанын салды. Негізгі құрамның бірнеше футболшысы түрлі себептерге байланысты ойынға шыққан жоқ. Енді оларға бүгінгі ойыншылармен бәсекеге түсуге тура келеді. Жастар құрамасында бірнеше футболшы көзге түсті. Егер өз клубтарында үнемі ойнайтын болса, ұлттық құрамадан орын алуы мүмкін. 

24.kz

Scroll to top