Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды. Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін аралады. Сондай-ақ облыс орталығына барып, Сыр өңірінің өркендеуіне тың серпін берген нысандардың жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысының Сыр өңіріне сапары Байқоңырдан басталды. Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті әуежайда «Байқоңыр» кешенін дамыту жоспарымен танысты. Ғарыш айлағы мен қала тынысын ілгерілетудің мәні зор. Қазақстан мен Ресей бірлесіп игеріп жатқан айлақ қос елдің де игілігіне қызмет ете бермек. Президентке екі ел арасында қабылданған ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Эксплуатируется, так сказать, на благо совместное, потому что мы партнеры и союзники, работает на нас, а теперь и еще больше созданием межгосударственной комиссии, созданием комплекса «Байтерек». А сейчас с изменением общих планов пусков в РФ и у нас создается общее впечатление. Пуск казахстанских спутников, космонавтов казахстанских будет увеличиваться. Наша молодёжь будет учиться по специальностям космическим. Таким образом, Казахстан по-настоящему становится одной из космических держав вместе с Россией. Теперешнее технологическое обеспечение с российской стороной мы будем развивать инфраструктуру здесь.

Көп ұзамай Қазақстан ғарыш державасына айналары хақ. Осы мақсатта көп жұмыс атқарылып жатыр. Елдің ғарыштық әлеуетін күшейтіп қана қоймай, оны насихаттау ісі де алға қойылды. Осы орайда Байқоңырға туристер тарту жұмысы кешенді түрде жүзеге аспақ. 

«Байқоңыр» – отандық ғарыш саласының алтын діңгегі. Өңірдің экологиялық қауіпсіздігі өз алдына, қала келбеті де көркіне сай болуы тиіс. Елбасыға Байқоңыр қаласын дамытудың перспективалары баяндалды. Көпшілік қаланың болашағы зор деген сенімде. Инфрақұрылым дамып келеді. Тұрғын үй кешендер мен әлеуметтік нысандар салынып жатыр.

Бұл – «Қорқыт ата» мемориалдық кешені. Қармақшы ауданында орналасқан. Қаладан қашықтау болғанымен, адамдар ағылып жатады мұнда. Тариxи жер. Осы кешенге жақын маңда Сыр бойында түркі дүниесінің абызы Қорқыт баба жерленген деседі. Сондықтан жұртшылықтың өткенге тағзымы ерекше. Сыр өңіріне ат терлеткен меймандар мұнда бас сұқпай кетпейді. 

Сонау 1980 жылы бой көтерген кешен үш жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті. Мемориалдық ескерткіш толықтай жаңарды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған.

Кешенде төрт құбылаға қарап тұрған төрт қобыздың стелласы орнатылған. Әрқайсысының биіктігі 8 метр. Бір қызығы, жел соққанда мұнда қобыздың әуенін естуге болады. 

Қобыз – ең көне аспаптың бірі. Қоңыр әуенінде терең философия мен бабалардың мұңы жатыр. Кешенге келген әрбір адам тылсым құбылысқа тамсанып, ескен желмен қобыз әуенін естуге асық.

Айта кету керек, жыл басынан бері мұнда 10 мың адам келіп-кеткен. Дені ЕХРО-ны тамашалауға келген шетелдік турист. Кешен өңірлік туризмді дамытуға серпін берді.

Мұнда қорқыт мұраларын жинайтын музей де бар. Кешен қорында 2 мыңға тарта құнды жәдігер сақтаулы. Елбасы музейді аралап, тарихтың тұңғиығына сапар шекті.

Бабаның рухани мұраларын түгендеп жүрген мұражайда жәдігерлердің барлығы құнды. Бірсыпырасы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.

Мағауия Әлиев, «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінің ғылыми қызметкері:

- Қорқыт ата университеті археолгиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, сонда табылған тасқа ойылып жазылған кәдімгі қобыздың бейнесі, мысалы. Ол да сол Қорқыт бабамыздың заманына, кезеңдерге келетінін айтуға болады.

Рухани жаңғыруды әрі қарай дамытып, санасын оятып, тарихымызды жетік білу мақсаты алдымызда тұр. Руxани жаңғыруға ұмтылған өңір экономикалық көрсеткіштерімен де мақтана алады. 8 айда 480 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу саласындағы өсім – 4,5%. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция 110 млрд теңгеден асады. Тұрғын үй салуда да көші ілгері. Бұған Қызылорданың сол жағалауында орын тепкен су жаңа аудан дәлел. Жаңа қала салу үшін 1500 га жер бөлініп, құрылыс басталып кетті. Бірінші кезеңде оның үштен бірі игерілмек. Ал арғы бетке өту үшін тұрғызылған алып көпір қолданысқа беріліп қойған.

Сұлтанбай Қонарбаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- 15 ауданға бөлінеді. Соның 11-і тұрғын аудан. Үшеуі саябақтар мен бульварлар, біреуі индустриялық аймақ болады. Соның бесеуі 3-4 қабатты болады. Ұлттық нақышта жасалады.

Қазір Қызылордада 280 мың халық тұрады. Он жылда олардың саны 350 мыңға жетеді деген болжам бар. Демек бұл аумақты дамыту халықтың қамы үшін. Жақын арада осы арада су жаңа қала бой көтереді. Жоспар бойынша тұрғын үйлерден бөлек әлеуметтік-мәдени нысандар көптеп салынады. Алғашқы легі биылғы жылдың соңына таман берілмек.

Бұдан бөлек, Президент салынып жатқан шыны зауытында болды. Өңірдегі өндіріс саласының даму деңгейін бағамдап, зауыттың құрылысымен танысты. Тәулігіне 600 тонна өнім беретін зауыт құрылысын Қытай еліндегі шыны өндірісінің көшін бастап тұрған іргелі компания жүргізуде. Зауыт төрт бөліктен тұрады. Бүгінде дайын өнімді сақтайтын қойма құрылысының 80%-ы еңсерілді. Ал теміржолдың 40%-ы салынып біткен. Осылайша Қызылордадағы шыны зауыты келер жылдың шілде айында алғашқы өнімді шығаруды жоспарлап отыр. Сөйтіп өңір экономикасын алға жетелейтін іргелі кәсіпорынға айналмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қызылордада жол, газ, индустрия бар. Аралдың жағдайы да, халықтың жағдайы да жақсы болады. Солай ғой?!

Зауыт құрылысын саралаған Нұрсұлтан Назарбаев құрылысшылармен және өңір кәсіпкерлерімен сұхбаттасты. Осыдан 4 жыл бұрын өңірде шағын-орта кәсіпкерліктің үлесі 4% болса, биыл бұл меже 15%-ға жуықтаған. Яғни бизнеске бел буған азаматтарды мемлекет тарапынан қолдау шаралары жемісін беруде.

Елбасы Сыр өңірінің жастарымен де кездесті. «Арай» спорттық-сауықтыру кешенінде Нұрсұлтан Назарбаевты қызылордалық талантты, дарынды өрендер ыстық ықыласпен қарсы алды. Жастар Мемлекет басшысына түрлі салаларда жеткен жетістіктерін баяндады. Жас өрендердің қатарында оқуда озат болған 12 Нұрсұлтан есімді оқушы бар. Олардың ең жасы – Нұрсұлтан Жангелдиев.

Осылайша Сыр елі бұл жолы Елбасыға дамудың даңғыл жолына түскенін көрсетті. Өңір дамуы үшінші модернизациямен астасып, рухани жаңғырумен біте қайнасып жатыр. 

24.kz/kz

Видео ақпараттар

Scroll to top