
Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде 125 жоба іске асырылып жатыр.
Әлеуметтік маңызды нысандардың жалпы құны 50 млрд теңгеден асады. Өңірдегі ірі мұнай-газ компаниясы 1 млрд 500 млн теңге қаржы бөліп, Өнер орталығын салып берді. Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы зәулім сарайды аралап көрді. Аумағы 5 мың 700 шаршы метр болатын жаңа ғимаратта 15 өнер ұжымы орналасқан. Одан бөлек мұнда жастардың шығармашылығын шыңдауға арналған түрлі үйірмелер ашылады. 1 мың 200 орындық заманауи концерт залы халықаралық деңгейдегі мәдени шараларды өткізуге лайықталған.
Светлана Айтбаева, әнші:
- Ең бастысы, 1200 орындық көрермен залы бар, үлкен көрермен залы. Біз бүгін осындай ғимаратқа қолымыз жетіп, өте қуаныштымыз. Мұнда театр, «Екі езу» сатира театры, филармония, бірнеше ұжым осы ғимаратты пайдалануға мүмкіндік алып отыр.
-
Жаңартылған уақыты: 04 Қазан 2017
-
Просмотров: 395
Кірушілер есебі
Бүгін | 124 |
Кеше | 277 |
Осы аптада | 1535 |
Осы айда | 5267 |
Барлығы | 22842 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №48/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- "Алтын куз - 2014"
- Қызылордада Астананың 20 жылдығына жыр сайысы басталды
- Шиелі ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
- Ауылшаруашылығы
- Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Астана процесі талқыланды