АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Тұрматұлының ..." -- 18 Қаңтар 2018
АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "  Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің ..." -- 18 Қаңтар 2018
ТАЛАПТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің әкімі ..." -- 18 Қаңтар 2018
Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018

Елбасы Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды да қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы дарынды жастарға барынша қолдау білдіріп, Қазақстандағы ғылымның дамуына жіті мән беру қажеттігін қаперге салды. Елбасы бүгінде Назарбаев Университеті күллі әлемге танымал болғандығын тілге тиек етіп, бұл білім ордасынан мыңнан астам түлек білім нәрімен сусындап, түлеп ұшқанын жеткізді.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев білімге барынша басымдық беру қажеттігін және «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы аясында жас ғалымдарға өз жобаларын жүйелі жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер пайда болғанын айтты. Шигео Катсу болса өз кезегінде Назарбаев Университетіне жасап отырған қолдау үшін Қазақстан Президентіне шексіз ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Обстановку я знаю, с 2010 года вы здесь уже, и мы многого достигли. Университет встал на ноги, стал известным. Вы мне в тот раз говорили несколько направлений. Говорили, что это и что нужно для этого. Я хочу, чтобы эти направления, которыми университет занимается, получили нормальное развитие. Надо подумать о том, как нам поддержать молодые таланты. Один из больших корпусов ЭКСПО мы сделаем стартап. Позволить молодым талантам выдавать свои открытия.

Шигео Катсу, «Назарбаев Университеті» ДББМ Президенті:

– Мен Елбасы қабылдауында болдым. Президент мырза маған бірқатар ұсыныс ұсынып, біз оны одан ары дамыту мәселесін пысықтадық. Осы орайда мен Президентке Назарбаев Университетіне жасап отырған қолдауына ерекше алғысымды білдіргім келеді.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top