Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Елбасы өңірдегі этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы орналасқан «Достық үйінің» жаңа ғимаратын аралап көрді. Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының өзекті тұстарына ерекше тоқталды. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегейлігіне және мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ «Көне Тараз» тарихи-археологиялық саябағы аумағында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында табылған құнды экспонаттармен танысты.

Елбасы осы сапары аясында бірнеше әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарды аралады. Атап айтқанда, гипс және гипсокартон өндіретін зауытта болып, өндіріс ошағының  жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған.  Жоба құны 2 миллиард теңгеден асады. Жылына 150 мың тоннаға дейін гипс шығаруға қауқарлы. Бастан аяқ заманауи технологиямен жарақтанған. Қазір мұнда 75 адам тұрақты еңбек етіп жүр. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа индустрияландыру бағдарламасына енген бірнеше ірі жоба да таныстырылды. Дәлірек айтқанда, электр қуатымен жүретін автобус үлгісі көрсетілді. Президент зауыт ұжымымен кездесіп, істеріне сәттілік тіледі.

Нұрлан Алжанқұлов, зауыттың бас директоры:

- Шығарып жатқан гипсіміздің сапасы осы озық сапалар деп есептейміз және алдағы уақытта біз оның сапасын көтеріп басқа да жоспарлар бар. Тағы бір зауыт соғамыз деген осы жерде. Бұған түрткі болған кластерлік мәселе. Көрші қырғыз, өзбек көршілерімізге апарамыз деген ойымыз бар. Әрі қарай гипс тақтайшаларын шығарсақ.

Қарлығаш Аралбекова, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы:

- Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында 557 миллиард теңгеге 34 жоба жүзеге асырылуда. 6500 жұмыс орны ашылмақ.  Бүгінгі таңда 24 жоба іске асырылып қойған. Қалған 10 жобасын әрі қарай 2017 және 2021 жылдар аралығына жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тараздағы Айша бибі  көшесінде салынып жатқан жаңа көпірдің құрылыс барысымен танысты. Нысан қолданысқа берілген кезде темір жол арқылы бөлінген бөліктерін байланыстырып, басты көлік жолдарының тамырына қан жүгіреді. Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанмен шекаралас жатқан «Айша бибі» кеден бекеті арқылы тәулігіне 4-5 мың көлік өтеді.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top