ХАБАРЛАНДЫРУ -- " «Қызылорда облысы бойынша тексеру ..." -- 18 Наурыз 2019
Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді -- "Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев не себепті ..." -- 13 Наурыз 2019
Қазақстан Эфиопиядағы оқиғадан кейін Boeing 737 MAX ұшағын уақытша ... -- "Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ..." -- 13 Наурыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ..." -- 11 Наурыз 2019
Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты -- "Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік ..." -- 11 Наурыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 11 Наурыз 2019
Көпбалалы отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп әлеуметтік көмек алатын ... -- "Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек ..." -- 05 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   2019 жылдың ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Жыл басынан бері ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Бірыңғай ..." -- 04 Наурыз 2019

Бас қосқандар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобының ұсыныстарын талқылады. Сондай-ақ Аxмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар пікірі тыңдалды.

Елбасы Мақаласында жыл соңына дейін жаңа графикадағы әліпбидің бірыңғай стандартын қабылдауды, ал келер жылдан, яғни 2018 жылдың қаңтарынан жаңа оқулықтар дайындау, оқу әдебиеттерінде дайындықты бастау міндетін қойды.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Латын әліпбиіне көшіру мәселесі Елбасының «Рухани жаңғыру» Мақаласына енгізілгені бекер емес. Латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің одан әрі дамуына және оның қолдану аясының кеңейе түсуіне қолайлы мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жоба қазіргі ақпараттық технологиялар заманына барынша сай келетіндіктен, еліміздің әлемдегі ең мықты дамыған, өркениеті жоғары 30 мемлекеттің қатарына қосылуға көмегін тигізеді деп ойлаймын. Осы тіл, ел тағдыры үшін аса маңызды істі жан-жақты ойластырып, кезең-кезеңімен жүйелі түрде атқаруымыз қажет. Оған дайындық жұмыстары басталып та кетті. Бүгінгі парламенттік тыңдауда қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасы назарға ұсынылып, оң пікірлер айтылды. Бұл жалпыхалықтық талқылаудың басы деп білемін. Алдағы уақытта да осы жолдағы жұмыстар жалғасын табады. Барлық сын-ескертпелер ескеріліп, жаңа әліпбидің толық нұсқасы қабылданады деп ойлаймын.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі әлі де жалғасын табады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа әліпби әлемдегі барлық қазақты біріктіретін өте маңызды фактор екенін де атап өтті. Тіл білімі институты әзірлеген әліпби жобасы бойынша 26 әріп, 8 диаграф болады. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданбақ.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top