Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті -- "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы бизнес ..." -- 18 Қазан 2018
ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ -- "Бүгін «Алтын күз – 2018» мерекесі аясында аудан ..." -- 18 Қазан 2018
Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» ..." -- 17 Қазан 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «11» қазан ..." -- 12 Қазан 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» ..." -- 11 Қазан 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы ..." -- 11 Қазан 2018
Жазушы Шерхан Мұртаза дүниеден озды -- "Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза ..." -- 10 Қазан 2018
Елбасы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды -- "5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда ..." -- 04 Қазан 2018
БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «21» қыркүйек ..." -- 03 Қазан 2018
5 сұрақ -- "Менің әкем – мүгедек. Өздігінен жүріп-тұра ..." -- 03 Қазан 2018

Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің ашылуына орай елімізге келгені үшін Ю.Аманоға ризашылық білдірді.

- Бүгінгі шара – Төмен байытылған уран банкін құру жөнінде көп жыл бойы бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі. Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы күрес қозғалысының көшбасшысы саналатынын атап өтті.

- Біз құрамында ураны мол шикізатқа ие мемлекет ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал ететін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің Агенттікпен ынтымақтастығы жан-жақты және берік екенін айтты.

МАГАТЭ-нің бас директоры делегацияға көрсетілген қонақжайлық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

- Бұл шара сіздің жеке қолдауыңыз бен қатысуыңыздың, сондай-ақ біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында іске асып отыр, – деді Ю.Амано.

Сонымен бірге, Агенттіктің бас директоры төмен байытылған уранды сақтайтын ғимарат ашумен қатар, бұл шикізатты сатып алу және оны тасымалдау мәселелері де маңызды екенін атап өтті, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top