Ақпараттық хабарлама! -- "  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі ..." -- 18 Сәуір 2018
Қызылорда облысы кәсіпкерлері назарына! -- "2018 жылдың 19 сәуірінде «Бизнестің жол картасы ..." -- 18 Сәуір 2018
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ -- "Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет ..." -- 18 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 328,12 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 17 Сәуір 2018
Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты бейбітшілік пен тұрақтылықты ... -- "Нью-Йоркте Ресей елінің бастамасымен Сириядағы ..." -- 17 Сәуір 2018
Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ..." -- 17 Сәуір 2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары -- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін ..." -- 17 Сәуір 2018
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ... -- "Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның ..." -- 10 Сәуір 2018
Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады -- "Келер жылы еліміз бойынша 13 мың 500 мұғалім ..." -- 10 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,66 -- "Қазақстан қор биржасының қорытынды сессиясында 1 ..." -- 06 Сәуір 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күнінде алдағы егін ору науқанына дайындық барысымен танысты. Диқандармен дәстүрлі кездесуде субсидиялау мен экспортты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Президент сондай-ақ минералды су шығаратын кәсіпорынды аралап көрді.

Ақмоланың астығы аймақтың брендіне айналғалы қашан. Аграрлы өңірдің диқандары биыл да рекордты көрсеткіш көрсетуді көздеп отыр. Шамамен есептеп те қойған. 4 млн тоннадан астам астық. Бұл – Жер ананың ырыздығы мен шаруалар еңбегінің биылғы нәтижесі.

Науқан ойдағыдай өтуі үшін Ақмола облысының жергілікті шаруалары дайындықты күні бұрын бастаған. Орақ оруға өңірдің 9 мың комбайны, төрт мыңнан аса көлігі мен өзге де техникасы сайланып тұрғанын көз көрді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймаққа тиесілі астықты алқаптың ахуалын бағамдау үшін «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы табан тіреді. Президент 2009 жылы іргетасы қаланған аграрлық кәсіпорынның қызметімен танысып, тиісті сала басшыларының есебін тыңдады.

Елбасы жылдағы дәстүрден жаңылмай, орақ науқаны алдындағы дайындықты пысықтау үшін әуелі диқандармен кездесіп, емен жарқын әңгімелесті. Бұл ретте шаруалар Президентке мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауға өз ризашылықтарын білдірді. «Дер кезінде берілген субсидиялау мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарламалардың өнімділікті арттыру жолындағы маңызы зор», – дейді олар.

Ибрагим Жангуразов, «Ижевский» өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы:

– Это – первая государственная помощь, субсидирование, причем такое адресное субсидирование. Минеральные удобрения, гербициды и так далее. Теперь вот техника, человеческий фактор. И в основе этого ваши ежегодные визиты именно вначале уборочной, ваше внимание всем нам.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Вот я вас слушаю, а потом мы меняем. Министерство в этом году изменило принцип субсидирования, больше хозяйств получили, а не только крупные. И это помогает хорошо.

Ала жаздай бел жазбаған диқандар жаңа технологиялардың арқасында қуаңшылық кезінде де өнімділікті өсіруге болатындығын айтты. Диқандар жаңашылдық арқылы жаңа жетістіктерге қол жеткізген, нәтижесінде аграрлық өнімдердің экспорттық әлеуеті артпақ.

Елбасы сонау 90-шы жылдардың орта тұсында не өндіреміз деген мəселе туындаса, енді шығарған өнімді қайда сатамыз деген түйіткіл бар екендігін жеткізді. Осы орайда Президент бәсекеге қабілетті болу үшін дамыған елдердің тәжірибесіне арқа сүйеу керектігін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Надо выдерживать конкуренцию, совершенствовать технологию, ничего не нужно выдумывать. Мы все грамотные люди. Все в интернете есть – как работают канадцы, аргентинцы, австралийцы как работают, есть же все? Но не хватает, я считаю, набора, еще не хватает удобрений, мало вносим пока. Борьбу против вредителей не до конца, наверное, делаем. Вот эту всю сторону с технологической стороны мы будем поддерживать, а вы должны работать на земле, мы умеем лучше всех.

Шаруалар дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде биылғы бидайдың сапасы да жақсы болатынын айтты.

Ғалымжан Саханов, «Сепе» ЖШС басшысы:

– Ауыл шаруашылығына көмектесіп жатқаныңыздың бәрін сеземіз. Былтырғы жылға қарағанда бидайдың сапасы артты деп санаймыз. Бағасы да жақсы болады деп отырмыз. Науқанның алдында сіздің ақ батаңызды алып, оған кірісуге дайындалып жатырмыз.

Диқандармен дидарласу барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің транзиттік әлеуетін де ұтымды пайдаланып, жаһандану заманында жан-жақты болу қажеттігін алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

– В целом акмолинские хлеборобы самые лучшие. Дела сейчас мировые, политические очень сложные, тревожные, и мир двигается. Мирить приходиться. Всех акимов собирал, говорил как раз. Все у нас есть, индустриальные программы есть. Все у нас есть, индустриальная программа есть. Нефть была 135 долларов на год, сейчас 50, почти в три раза упала. На уровне стоим, потому что индустриальную программу проводили. Вот ты в том числе. Машиностроение, другие предприятия. За эти годы построили 1500 новых предприятий, в этом году еще продолжаем строить. Автомобильные дороги, как вы видите, по программе «Нұрлы жол» 4 тысячи километров уже построены, еще 4 будет за 5 лет, и весь Казахстан будет покрыт сетью автомобильных дорог. Быстрые поезда пошли, в два раза быстрее ходят. Это все для оживления экономики. Не будет транспорта, не будет и экономики. Потому что у нас территория огромная. Ну, и много пропускать через Казахстан транзитные и на этом зарабатывать деньги.

Бүгінде «Ұмай жер» шаруа қожалығында 100-ден аса маман қызмет етеді. Табыстары да тұрақты. Ұжым келер жылы егістік алқаптарын ұлғайтуды жоспарлап отыр екен.

Наджибулла Абдул Халил, «Ұмай жер» ЖШС құрылтайшысы:

– 30 мың гектарға жуық жеріміз бар. Оның 70 пайызы – бидай болса, қалған 30 пайызы – майлы дәнді дақылдар. Өзіміздің элеваторымыз болғандықтан, бізге өте тиімді. Ұн шығарып, оның басым бөлігін экспортқа жөнелтеміз. Бүгінде бізге мемлекеттің қолдауы өте үлкен көмек болып отыр. Түрлі бағдарламалар арқылы біз тың техникалар мен тыңайтқыштарды сатып алып, өнімділікті арттыруды көздейміз. Бұйыртса, биыл әр гектардан 30 центнерге жуық астық жинаймыз деген ниеттеміз.

Қожалықтағы техникалардың дені – отандық өнімдер. Ал канадалық комбайнға мемлекеттік бағдарлама арқасында қол жеткізіпті. «Бұл бірегей техникалар астықты уақытылы орып алуға көп септігін тигізеді», – дейді олар.

Ерғали Дәулетжанұлы, механизатор:

– Биыл былтырға қарағанда егіннің шығуы жақсы. Өйткені дәрілермен жақсылап өңдеді. Былтырғыдан жақсы. Бір айдың ішінде жинап аламыз деген ойдамын.

Осы өңірмен бірге өсіп, қатар дамып келе жатқан өндіріс ошақтарының бірі – «Көкшетау минералды сулар» зауыты. Бұл ширек ғасырға жуық тарихы бар кәсіпорын жұмысымен Мемлекет басшысы да жіті танысты. Өнім көлемін жылда арттырады, демек кəсіпкердің табысы еселенуде, жұмысшының жалақысы да уақытылы. Қазына қазанын толтырып отырған үлесі де бар. «Қала бюджетінің 50 пайызын біздің төлеген салық құрап отыр», – деп мақтанып айтады мұндағылар.

Нұрали Мырзалиев, «Кокшетауминводы» АҚ өндіріс директоры:

– Біздің өнімдеріміз өзіміздің ұңғымалардан алынады. Олардың физикалық құрамы бөтелкедегі сумен сәйкес келеді. Сол себепті олар – экологиялық таза, сапалы өнім. Біздің технологиялар да жаңа.

Бүгінде зауыт жылына 120 млн өнім шығарады.

/24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top