eGov-тың 30 қызметін ЭЦҚ-сыз алуға болады -- "Электрондық үкімет порталында ұялы телефон ..." -- 20 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрімен ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд ..." -- 19 Қазан 2017
Үкімет басшысы Б.Сағынтаев Қырғызстан делегациясымен өткен ... -- "ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ..." -- 19 Қазан 2017
Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаковпен ... -- "Қырғызстанның Премьер-министрі үлкен делегациямен ..." -- 19 Қазан 2017
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ -- "Латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатында ..." -- 16 Қазан 2017
БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға ... -- "  Қазақстандықтардың көпшілігі ..." -- 12 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сочиде ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына ... -- "Сочиде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан ..." -- 11 Қазан 2017
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысынан сөгіс алды -- "Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан ..." -- 11 Қазан 2017
Сенаторлар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң ... -- "Сенат депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ..." -- 11 Қазан 2017
Елбасы Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының ... -- "  Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы ..." -- 09 Қазан 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Үкіметтің ағымдағы жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының қорытындылары жайында баяндалды. Елбасы ел дамуындағы экономикалық көрсеткіштердің көңіл көншітетінін атап өтіп, алда атқарылар маңызы зор мақсат-міндеттерге тоқталды.

Ұлттық экономикамыз биыл қарыстап емес, қарыштап өсті. Былтырмен салыстырғанда, 4 пайызға өсім бар. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бүгін Президент алдында есеп беріп, 7 айды қорытындылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Биылғы жылдың 7 айы өтіп кетті, мінекей. Жалпы экономиканың көрсеткіші жаман емес. Былтырмен салыстырғанда, 4 пайызға жоғары. Өсу бар. Осы қарқынды жылдың соңына дейін сақтап қалу керек. Барлық облыстар ол үшін жұмыс істеу керек. Менің тапсырмам бойынша біраз өңірлердің жағдайымен танысып, аралап қайттың. Жалпы жағдай дұрыс деп санаймыз. Алдымызда астық жинайтын үлкен науқан бар. Жақсылап өткізіп, бар астықты жинап алуымыз керек. Содан кейін айтқан бағдарламалардың барлығын орындау барысы, қабылданған жоспарларымыз, экономика жағынан, индустрия жағынан, рухани жағынан, жолдауда айтылған мәселелер - соның барлығы жұмыс істеп жатыр.

Ел экономикасының осыншалық өсуіне «Нұрлы жол» бағдарламасы оң ықпалын тигізді. Мәселен, 12 облыста өндіріс саласында өсім байқалады деп баяндады Үкімет басшысы.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

– Жарты жылдың қорытындысы бойынша өсім 4,2 пайыз құрап отыр. Оның ішіндегі өндіріс, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, сауда бойынша үлкен өсімдер бар. Оның бәрі өзінің оң ықпалын экономикамыздың өсуіне тигізіп отыр. Жалпы өндіріс саласына келетін болсақ, бізде Қызылорда мен Маңғыстау облыстарынан басқа оң өсім 100 пайыздың үстінен шықтық. Басқа облыстарда өндіріс бойынша оң ілгерілу бар. Айтылған тапсырма бойынша олардың барлығы жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізгі капиталға инвестиция салу мәселесіне келетін болсақ, бұл да былтырғы жылғы кезеңмен салыстырған кезде, 3,7 пайызға өскен. Барлық облыстарда ілгерушілік бар. Экономикаға несие беру мәселесіне келетін болсақ, екінші деңгейдегі банктердің беріп отырған бүгінгі жартыжылдықтағы мәліметі бойынша 12,6 трлн теңге экономикаға қаржы бөлінген. Бұл да былтырғы жылмен салыстырған кезде 1,4 пайызға жоғары. Инфляцияға келетін болсақ, 7 айдың қорытындысы бойынша былтырғы маусым айына қарағанда 0,1 пайызға ғана өсіп, желтоқсанға дейін 3,8 пайыз болды. Оның ішінде азық-түлік бағасы 0,5 пайызға төмендеді. Экономикамызға негізгі ықпал беріп отырған бағдарлама – «Нұрлы жол» бағдарламасы. Биыл көрсетілген автомобиль жолдарға 356 млрд теңге бөлінген. 22 жоба, 4,14 мың шақырым жол. Осы уақытқа дейін 600 шақырымы пайдалануға берілді. Жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 5,5 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін де мәлімдеді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

– «Нұрлы жер» бағдарламасының жылдық жоспары бойынша 10,2 млн шаршы метр үй салыну керек. Ол – 100 мың пәтер. Қазір 5,5 млн-ы іске қосылды. Біз артығымен келе жатырмыз. Сіздің тікелей тапсырмаңыз бойынша жекеменшіктердің әрқайсысы әрқилы жобамен жасамай, типтік жобамен салынып жатыр. Сонда әдемі елді мекен шығады. Биылғы жылы Оңтүстік өңірлер, ШҚО, БҚО-да орақ науқаны жүріп жатыр. 25 пайыздан асты. Негізгі астық өңірлерінде бидай шығымдылығы жаман емес. Сапалы астық алуға дайын.

Премьер-министрдің есебін тыңдаған Президент кездесу соңында Үкімет пен облыс және қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы подчеркиваем, что итоги 7 месяцев положительные. Эту динамику надо сохранить, виды на сельскохозяйственную продукцию и урожай хорошие. Надо организованно убрать. Программы, которые мы наметили по строительству жилья, инфраструктурная программа по строительству дорог, 600 километров уже в этом году введены. Но до конца года проблемы еще есть у нас. Надо все программы и все намеченные средства должны быть освоены. Это касается всех областей. И риск есть еще до конца года. Колебания цен на энергоносители, на сырьевую продукцию. Влияние возможно санкций со стороны Запада к России. Надо это учитывать и выполнять индустриальные программы, «Нұрлы жер», инфраструктурные программы. Это очень важно для выполнения задач, которые перед нами стоят. Правительство напряженно работает. Чувствуем мы обстановку на местах. И ко всем я обращаюсь, чтобы оставшееся время года мы все организованно отработали, чтобы выйти в этом году с хорошими показателями. Идет EXPO, обращаюсь ко всем воспользоваться, кому необходимо, побывали на EXPO, чтобы дальше использовать, как нам внедрять то, что есть у других стран. Это очень важно продолжать эту работу.

Сонымен бірге Президент ұлттық экономикамыздың қарқынын сақтап қалу керек деді.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top