БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 23 мамыр күні сағат 15:00 мен 16:00 ..." -- 22 Мамыр 2019
«Бес сұрақ» айдары -- "Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. ..." -- 20 Мамыр 2019
Мүдделі тұлғаларға қатысты АҚПАРАТ -- "Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі Қызылорда ..." -- 17 Мамыр 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «13» мамыр -- "Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 15 Мамыр 2019

ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен оның республика аумағындағы бөлімшелері бұқара халыққа судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр. Өткен аптада құтқарушылар жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен 734 су қоймаларын патрульдеу және рейд жұмыстары жүргізілді. Шара барысында 56 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Демалушы азаматтарға 25 мыңнан астам көрнекі агитациялық ақпарат қағаздары таратылған.

Су қоймаларында 95 тыйым салынған және ескертілген белгі, 31 көрнекі стенд қойылған. Жыл басынан бері құтқарушылар 7 мың балаға суда жүзу сабақтарын өткізді, деп хабарлады ҚР ІІД ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

 

Өткен аптада, 31 шілде мен 6 тамыз аралығында еліміздің су қоймаларында 48 адам ажал құшты, оның 7-і бала. Аталмыш оқиғалар Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Астана және Алматы қалаларында орын алды.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында Сырдария өзенінде, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында Шіркейлі арнасына, Жамбыл облысы, Тараз қаласында Талас өзенінде, Бурабайдағы Кіші Чебучье көлінде, Павлодар облысы Ертіс өзенінде, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Нұра өзенінде, Қарағанды облысындағы жасанды су қоймасында суға кеткен 7 адамды, оның ішінде 2 баланы іздеу шаралары жүріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару топтары, ТЖ мен ішкі істер аймақтық бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар мен 75 жергілікті тұрғын, 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Суға кетудің негізгі себептері: тыйым салынған жерлерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, суда жүзу білмеу және ішімдік ішкен күйде суға түсу жағдайлары. ТЖ комитеті су нысандарындағы оқыс оқиғалардың алдын алатын қауіпсіздікті сақтау ережелерін сақтауды талап етеді.

Су қоймаларында демалу кезінде тыйым салынады:

- Ішімдік немесе есірткі қабылдап суға түсуге;

- Қайықтан, катерден, айлақтан, сондай-ақ осы мақсатта қолданылатын басқа да нысандардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- бекітілген шекарадан асып жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен суға түсуге;

- кемеге жақын жүзуге; - су қоймаларын ластауға;

- жағалауда және киінетін жерлерде демалушыларға зиян келтіретін қоқыс тастауға;

- жалған дабыл шақыруға; - техникалық және тыйым салатын белгілерге мінуге;

- ересектердің қарауынсыз балалардың суға түсуіне.

24.kz

Scroll to top