БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 23 мамыр күні сағат 15:00 мен 16:00 ..." -- 22 Мамыр 2019
«Бес сұрақ» айдары -- "Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. ..." -- 20 Мамыр 2019
Мүдделі тұлғаларға қатысты АҚПАРАТ -- "Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі Қызылорда ..." -- 17 Мамыр 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «13» мамыр -- "Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 15 Мамыр 2019

ЖОБА

Аудандық коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорындардың

таза кірісінің бір бөлігін жергілікті

бюджетке аудару нормативін

белгілеу туралы 

  

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

  1. «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

             Шиелі ауданының әкімі                                                                          Ә. Оразбекұлы

Шиелі ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ___________

№ ___ қаулысына

қосымша

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың

таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі

Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:

Таза кіріс  3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс  3 000 001 теңгеден

50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс  50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
 

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан                15 пайыз

Таза кіріс  250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан              25 пайыз 

Таза кіріс  500 000 001 теңгеден
1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен  асқан сомадан     30 пайыз 

Таза кіріс  1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен  асқан сомадан   50 пайыз

 

 

 

«Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы»
Шиелі  ауданы әкімдігінің қаулы жобасына  

ТҮСІНДІРМЕ-ЖАЗБА

 

Шиелі ауданы бойынша 50 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, оның ішінде 47 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 2 шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызмет атқарады. 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 140-бабының 2-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.

Заңның осы бабының 4 – тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты кәсіпорындардың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын жүзеге асырады.

Осыған байланысты «Аудандық коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің қаулы жобасы әзірленуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Scroll to top