«ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ЗАУЫТ АЛАҢЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ... -- "Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан ..." -- 21 Қараша 2018
Ы.ЖАҚАЕВ ЕЛДІ МЕКЕНІ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ -- "Бүгін облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың Шиелі ауданына ..." -- 19 Қараша 2018
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қызылорда ..." -- 15 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 12 Қараша 2018
5 сұрақ -- "5 сұрақ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма ..." -- 09 Қараша 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Өзіне-өзі қызмет көрсету ..." -- 05 Қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі ..." -- 05 Қараша 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың ..." -- 05 Қараша 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "8 қарашада Астана қаласында мемлекет ..." -- 05 Қараша 2018

ЖОБА

Мүгедектер қатарындағы кемтар

балаларды жеке оқыту жоспары

бойынша үйде оқытуға жұмсалған

шығындарды өтеу мөлшері мен

тәртібін айқындау туралы

  

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының
16-бабына және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі
№279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №446 бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі-кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі- шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
  2. Шығындарды өтеуді «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) кемтар балалардың
    ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  3. "Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі
    №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағына сәйкес “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы “Халыққа қызмет көрсету орталығы” Департаментінің Шиелі аудандық бөлімі және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады және 9-тармағындакөрсетілген құжаттарды ұсынады.
  4. Шығындарды өтеу кемтар балаларға:

1) он сегіз жасқа толғанда;

2) қайтыс болғанда;

3) мүгедектігін алып тастағанды;

4) интернат-үйі немесе санторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

5) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының  мерзімі аяқталғанда;

6) Шиелі ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                Шиелі аудандық                                           Шиелі аудандық   

                  мәслихатының                                         мәслихатының хатшысы 

             сессиясының төрағасы                               ______________Б.Сыздық

    ______________Қ.Шәукебаев

 

«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 7 қарашадағы №15/7шешімінің күші жойылды деп тану туралы аудандық мәслихаттың шешімінің жобасына

                                                 Анықтама - негіздеме

р/б

Сипатталып  көрсетілуге  тиісті  мәліметтер  тізімі

Мемлекеттік  органның  ақпараты

1

Жобаны  әзірлеуші -  мемлекеттік  орган

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

Сәйкес нормативтік-құқықтық актілер (орган құзыреті) нормаларына жүгіне отырып норма-тивтік-құқықтық актіні  қабылдаудың қажеттілік  негізі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                           23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының                 16-бабына және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы              28 сәуірдегі   №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы                                25 желтоқсандағы №446 бұйрығына сәйкес

3

 Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттар, акт қабылдаудың мотивтері)

жоқ

4

 Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға байланысты күші жойыл-ды деп танылған немесе өзгерту туралы ұсыныс-тарды дайындау және осы мәселе бойынша алдында қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәлімет

жоқ

5

Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, бұрын қабылданған норматив-тік құқықтық актілер туралы мәлімет

жоқ

6

 Аталған нормативті құқықтық акт мемлекет-тік бюджеттің (республи-калық, жергілікті)  кірісін қысқарту немесе шығы-сын ұлғайтуды   қарас-тыра ма

жоқ

7

Нормативтік-құқықтық актіге мүдделі   мемле-кеттік органдармен келісу қажеттілігі

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісуге жатады

8

Бұқаралық ақпарат құралдарында жеке мен-шік кәсіпкерлер субъек-тілерінің мүдделеріне қатысты   нормативтік-құқықтық актілер жоба-ларын, интернет-ресурс-тарды қоса алғанда жариялау (тарату) тура-лы мәлімет

Шешім жобасы интернет - ресурстарды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған  

9

Сараптамалық қоры-тынды ұсынбаған акре-диттелген кәсіпкерлер бірлестігінің тізімі   (жеке кәсіпкерлер субъектілері-нің мүддесіне қатысты  актілер үшін)

Шешім шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне қатысты емес

 

 

Шиелі аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламала және азаматтық

хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы ______________   М.Шоханов

                                                                                                                       (қолы)      

                                                                                     

«____» ____________ 2018 ж.

 

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top