Б.Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін ... -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 23 Ақпан 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,65 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 23 Ақпан 2018
Мемлекет басшысы еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ..." -- 23 Ақпан 2018
Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады -- "ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев теңге ..." -- 23 Ақпан 2018
Дариға Назарбаева Сингапур басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты ... -- "Дариға Назарбаева Сингапурдың жоғары басшылығымен ..." -- 23 Ақпан 2018
АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. ..." -- 23 Ақпан 2018
Зейнетақы төлемдері -- "  «Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы ..." -- 21 Ақпан 2018
хабарландыру -- "«Шиелі тас» ЖШС мекемесі құрылыс құм ондейтін ..." -- 20 Ақпан 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 319,23 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 19 Ақпан 2018
Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады? -- "Наурыз айында Қазақстан халқы мереке күндерін ..." -- 19 Ақпан 2018

ЖОБА

Сот шешімімен коммуналдық

меншікке түскен  болып танылған

иесіз  қалдықтарды басқару

қағидаларын бекіту туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 07 қарашадағы №15/5 шешімі.

Мемлекеттік тіркеу тізіліміне №6035 болып 2017 жылдың 21 қарашасында тіркелген.

«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының  3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы

 

 

М.Дүйсенов

 

Аудандық мәслихат

хатшысы

 

              

Б.Сыздық

 

 

 

                                                                                          Шиелі аудандық

                                                                                   мәслихатының 2017 жылғы

                                                                                      07 қарашадағы №15/5

                                                                                                шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
    20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
  2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
  3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Шиелі ауданының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) жүзеге асырады.
  4. Қалдықтарды басқару мақсатында әкімдік мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып  табылады.

  1. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
  1. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

  1. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
  2. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды әкімдік Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
  1. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
  1. Қорытынды ережелер
  1. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Видео ақпараттар

Scroll to top