ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар тізімі азайтылатынын мәлімдеді. Енді отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп қана көмек ала алады деп хабарлайды 

Әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті ақпаратты жинау әкімшіліктер мен жергілікті органдардың мойнына артылады. Олар барлық отбасылардың ақпаратын жинап, "Е-халық" ақпараттар базасына енгізуге тиіс.

Бұл жүйе халық санын және құрамын есептеуге, елді мекендер бюджетін қалыптастырып, шығындарды жоспарлау үшін құрылған.

Бұрынғы ереже бойынша, өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі сегіз пунктен тұрған. Осы ескі тізім 2019 жылдың бірінші шілдесіне дейін жарамды болады:

- әр отбасы мүшесінің жеке куәлігі,

- қосалқы шаруашылық туралы ақпарат,

- банк есепшотының нөмірі,

- баланың туылуы (қайтыс болуы) туралы куәлік,

- Некені тіркеу (бұзу) туралы куәлік,

- жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркелу туралы өтініш,

- еңбек қызметін растайтын құжат (егер жұмысы болса),

- білімі, біліктілігі, арнайы білімі мен кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болған жағдайда).

2019 жылдың бірінші шілдесінен бастап отбасына тек бір ғана құжат -жеке куәлік қажет болады. 

2 мен 8 аралығындағ пункттер алынып тастайды, себебі олар мемлекеттік органдардың әлеуметтік базасында болады.

Мәліметтер жеткіліксіз болса, әкімдер, мемлекеттік органдардың жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлері оларды азаматтардан өздері сұратады.
Scroll to top