Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ -- "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және ..." -- 02 Наурыз 2020
Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты ... -- "Бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат ..." -- 28 Ақпан 2020

 

"Құрметті отандастар!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді.

Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігін нығайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық.

Қазіргі таңда біз ауқымды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін кешенді шараларды қолға алдық.

Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Қазақстандықтардың қазіргі буыны, әсіресе жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді.

Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!

Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!", - делінген ресми хабарламада.
Scroll to top