Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар ..." -- 18 Ақпан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ..." -- 14 Ақпан 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық ..." -- 14 Ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 22 ақпан күні, сағат 11:00 мен 12:30 ..." -- 14 Ақпан 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей ..." -- 11 Ақпан 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде ..." -- 08 Ақпан 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан ..." -- 05 Ақпан 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан ..." -- 05 Ақпан 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Көктал-1 ..." -- 04 Ақпан 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ..." -- 04 Ақпан 2019

Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өрттен бес баласынан айырылған жанұяға қайғырып, көңіл айтты. Үкімет басшысы Астана әкімі Бақыт Сұлтановтан жанұяға көрсетіліп жатқан көмек туралы есеп сұрады.  

Сағынтаев мұндай қайғылы жағдайды ешкімнің басына бермеуді тіледі.

"Өрт кезінде бір үйдің өрімдей бес баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай. Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш-қуат берсін дейміз. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туыстарына қайғырып көңіл айтамыз,. Алла мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейік",- деді премьер-министр.

Өз кезегінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Үкімет басшысына жанұяға қала әкімдігі тарапынан қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы есеп берді.

"Бүгінде Астана қаласы әкімдігі тарапынан барлық тиісті көмектер берілуде. Атап айтқанда, жерлеу рәсімі мен ас беру ұйымдастырылып, материалдық және психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде. Тиісті комиссия құрылды. Қазір ата-аналарымен де жұмыс істеп жатырмыз. Ары қарай қандай жәрдем көрсететініміз келесі шараларда қабылданады, жан-жақтан көмек көрсетіледі", -деді қала басшысы.

Сонымен қатар, Сұлтанов алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау үшін тиісті жұмыстар қолға алынғанын айтты.

"Бұл мәселенің қайталануына жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүйелі түрде жасалып жатыр. Ауа райының күрт сууына орай, жер үйлерде пешті жылыту және қосуға байланысты өрт шығу мүмкіндігі артуда. Сондықтан, бұл жағдайларды алдын алу үшін бүгінде аудан әкімдері, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті басшыларына бірлесіп, түнгі рейд жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ал күндізгі барлық от жағып отырған жер үйлер мен нысандардағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндіріліп, тексеру жүргізу жұматыра жалғасатын болады", -деді Сұлтанов.

Видео ақпараттар

Scroll to top